2018 жылғы 16 наурызда ОҚО Кәсіпкерлер орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңес өтті.
Семинарға Оңтүстік Қазақстан облысының 70-ке жуық кәсіпорны қатысты. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде «ҚИДИ» Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Динара Уразалинова сөз сөйледі.
2017 жылғы 3 қазанда еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне мемекеттік қолдау көрсету Ережесіне енген өзгерістердің күшіне енетіндігін ескереміз, соған сәйкес:
- тарихи мерзімі 24 айға дейін артты.
- Өтініш берушінің шығындарын қайтарудың максималды сомасы 60 миллион теңгеге дейін артты, бұған кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға кеткен шығындарды қайтару жатпайды,
- бұл құралда қолдау көрсетудің максималды сомасы 30 миллион теңгені құрайды.
- қызмет көрсету барысында жұмылдырылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның алдын-ала болуы.
- *Сонымен бірге, кейбір құралдарда тиісті еңбек өтілі бар, техникалық және кәсіптік білімі бар маманды жұмылдыру қарастырылған.
- Ереже шеңберінде технологиялық үдерістерді жетілдіру жүзеге асырылатын қызмет/жұмыс тізімін кеңейту. Өнім өндірісі үдерісін қамтамасыз етуге, қолдау және басқаруға монтаж және/немесе шеф-монтажға (бұрын тек шеф-монтаж қарастырылған) байланысты шығындар жатады
- сарапшыларды тарту арқылы үздік өндіріс тәжірибелерін енгізу, сонымен қатар Ереже қағидаларына сәйкес өтінімге тіркелетін орындаушының қызмет көрсету қорытындысы бойынша есепке қойылатын талаптарды енгізу мақсаттары айқындалды.
Бағдарлама:
15:00 – 17:00 Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысу.
Семинар-кеңесті өткізу орны: ОҚО Кәсіпкерлеге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залы (Шымкент қ., Нұрсат шағынауданы, Бәйдібек би даңғылы, 32, Арғынбеков орамы)
Бағдарлама туралы толғырақ оқу.
Басқа қалаларда жоспарланған семинарлар туралы білу: Қызылорда, Орал, Қарағанды.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласа аласыз: Астана қ., Достық көшесі, 18, «Москва» БО, 19 қабат.
Байланыс нөмірі: +7 (7172) 983782, 983781 (ішкі 1029, 1027, 1059, 100).
Дереккөз: «ҚИДИ» АҚ-ның Баспасөз-қызметі. Сайт материалдарын пайдаланған кезде дереккөзге сілтеме жасау міндетті.