Еңбек өнімділігі Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты назарында

Еңбек өнімділігі Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты назарында

2019 жылғы 14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін көтеру жолымен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты халықаралық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты – экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуеті мен ынталандыру шараларын талқылау бойынша мемлекеттік сектор мен бизнес-қауымдастығының арасында диалогтық алаң ұйымдастыру.

Сонымен қатар конференцияда әлемдік тәжірибенің табысты тәжірибелерін ескере отырып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қолданыстағы шаралардың тиімділігі мен жаңа шаралар енгізу мүмкіндігі мәселелері талқыланатын болады.

Іс-шараның негізгі спикері – Белов Андрей Васильевич, Фукуи (Жапония) префектура университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, заманауи Жапонияның экономикасы мен бизнесі туралы кітаптың авторы.

Конференцияның тағы бір спикері – Пасерб Андрей Александрович, «Industry Consulting Ecopsy» АҚ-ның өндірістік жүйені дамыту жөніндегі директоры, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі 3 әдістеменің (мұнай-газ саласы, ӘБП есептілігі, ОРЕХ оңтайландыру) авторы.

Конференцияға отандық және шетелдік сарапшылар, мемлекеттік органдардың, даму институттарының,  әкімдіктер мен отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысады.

Сонымен бірге конференция барысында еңбек өнімділігін табысты арттырған және технология енгізген қазақстандық кәсіпкерлер де сөз сөйлейді.

 

Өткізу орны мен уақыты: 2019 жылғы 14 маусым, сағ. 10.00., «Rixos President Astana» қонақ үйі (Д.Қонаев көшесі, 7).