Қолдау шараларын түсіндіру семинарлардың Алматы қаласында өтуі.
2017 жылғы 13-16 ақпанда «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну механизмдері мен шарттарын түсіндіру мақсатында«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ы, Алматы қаласы әкімдігінің және Алматы қаласы Өңірлік палатаның қолдауымен Алматы қ. өндірістік кәсіпорындарында семинар-мәжілістер, сондай-ақ қаланың өндірістік кәсіпорындар басшыларымен кездесулер өткізді.
13 ақпанда Алматы қаласының Әуезов және Бостандық ауданы әкімдігінде семинар-мәжілістер өтті.
14 ақпанда - Алматы қаласының Жетісу және Наурызбай ауданы әкімдігінде семинар-мәжілістер.
16 ақпанда – Алматы қ. Түрксіб ауданының кәсіпорындарымен, сондай-ақ Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен семинар-мәжіліс.
- «Құбырлық желі арматурасының қазақстандық зауыты» ЖШС-і - кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты сапалы ілмекті арматураның өзіндік өндірісі болып табылады. Кәсіпорын жоғары сапалы шетелдік мамандарды тартуды, жабдықтарды жаңартуды жүргізуді және жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.
- «Сайман корпорациясы» ЖШС-і – Орталық Азия өңіріндегі электр энергиясын есептейтін толық айналымы бар құралдар өндірудің отандық құрал жасаудың ең ірі өнідірістік кәсіпорны болып табылады. Жаңа заманауи құралды іске қосуға қатысты жаңа жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ кадрларды қайта дайындау жоспарлануда.
- «Обис» ЖШС-і – алкогольсіз шараптарды өндіру бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорында басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарлануда.
- «Қазремэнерго» АҚ-ы -электр қозғалтқыштардың жөндеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ өз күшімен қосалқы бөлшектер жасайды. Кәсіпорын жаңа технологияларды енгізіп, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруды көздейді.
- «Қауіпсіздік сервисі – ЖКҚ орталығы» ЖШС – кәсіпорындарда жеке қауіпсіздік құралын өндіру бойынша қызмет көрсетеді, сондай-ақ өртке қарсықауіпсіздік құралдарды өндіру бойынша технологияларды енгізеді.
- «Кастинг» ЖШС-і – серпінді дамып келе жатқан, әлемдік стандарттарға толығымен сәйкес келетін қара және түсті металдан жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнімді шығаратын отандық металлургиялық өндірістің көп профидьді кәсіпорны. Мемлекеттік қолдау шараларын алу сұранымдарын даярлаудағы мәселелері бойынша қосымша консультация мақсатында кәсіпорынға екінші рет сапармен барды.
- «АЗМК» ЖШС-і –көпірлерді, жол өтпелерін, туннельдер, ұшып қону жолағын, автомобиль жолдарын салуға, мұнай мен газ өндіру, электр энергиясын беру әуе жолақтары және өндірістік-азаматтық құрылыс кезіндегі алаңдарды жабдықтау арналған темірбетон құрылымдарын өндіретін кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорында жаңа жабдықтарды енгізу, кәсіпорынның құзыреттігін арттыру жоспарлануда.
- «ҚазСПО-N» ЖШС-і – қазақстандық жобалаушы және жоғары технологиялы ZIBROO спорттық таңбасын өндірушісі болып табылады. мемлекеттегі жалғыз 100%-дық жоғары деңгейдегі өндірістік жабдықтардың жеке кешен негізіндегі спорттық киімді жергілікті өндірушісі. Мемлекеттік қолдау шараларын алу сұранымдарын даярлаудағы мәселелері бойынша қосымша консультация мақсатында кәсіпорынға екінші рет сапармен барды
- «Цин Қаз» ЖШС-і – Қазақстанда 13 жылдан астам томат өндіру және сату бойынша жетекші кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын басқарудықавтоматтандыру жүйесін енгізуді, сондай-ақ кәсіпорынның құзыреттігін арттыруды көздеуде.
- «Lead Bros» ЖШС-і – өндірістік және сауда нысандағы мұздататын жабдықтарды өндірумен айналысатын кәсіпорын болып табылады. Қазақстанда тауарлық белгісі патенттелген. Кәсіпорын басқарудықавтоматтандыру жүйесін енгізуді, сондай-ақ кәсіпорынның құзыреттігін арттыруды көздеуде.
- «La Peri» ЖШС-гі - La Peri өз брендімен шұлық-ұйық бұйымын өндірумен және сатумен сәтті айналысады. Кәсіпорын басқарудықавтоматтандыру жүйесін енгізуді, сондай-ақ кәсіпорынның құзыреттігін арттыруды көздеуде
«ҚИДИ» АҚ-ның қолдау құралдары орталығының сарапшысы Үтетлеуов Т.Т. кәсіпорындардың қызығушылық танытқан сұрақтарына толығымен жауап беріп, көрсетілген қолдау шараларын алу үшін сұранымдарды және құжаттар пакетін даярлау мәселелері бойынша кеңес берді.
Кәсіпорындарда технологиялық үрдістерді жетілдірумен байланысты, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өнеркәсіптің тиімділігін ұйымдастыру және т.б. қолдау шеңберінде қайтарылуы мүмкін болатын кәсіпорындардың шығындары айқындалды.
«Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратпен www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде толығымен танысуға болады.