Дүниежүзілік банк Жеткізушілерді дамыту қызметін құру бойынша жобаны іске асыру туралы келісімшартқа қол қойды
Дүниежүзілік банк «Euroconsultants S.A. – Қазақстандағы филиалы» халықаралық кеңесшімен «Жеткізушілерді дамыту қызметін құру, оның құзыретін дамыту және жеткізушілерді дамыту бойынша пилоттық жобаларды іске асыру бойынша қызметтер» жобасын іске асыру туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл жоба Дүниежүзілік банкпен қаржыландырылатын «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі» атты ірі жобаның бөлімі болып табылады.
ЖДҚ құру жобасына арналған қаржыландыру сомасы 6 млн. артық АҚШ долларын құрайды, бұл ретте, халықаралық сертификаттау бойынша шығындарды өтуге арналған сома – 3 млн. доллар.
Жеткізушілерді дамыту қызметінің функциясына қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын ірі жергілікті және халықаралық корпорациялармен ШОК нарықтық қарым-қатынасын кеңейту енеді. Нәтижесінде ЖДҚ шағын және орта кәсіпорындардың ірі мемлекеттік, квазимемлекеттік, жеке және көпұлттық компанияларға тауарлар мен қызметтер ұсыну мүмкіндіктерін жақсартуға үлес қосады.
Жобаны іске асыру бойынша негізгі серіктес «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР-да Жеткізушілерді дамыту қызметін қалыптастыру үшін Euroconsultants S.A. сарапшыларымен тығыз серіктестікте болып, белсенді атсалысатын болады.
Жобаны іске асыруға 19 ай берілген.