«QazIndustry» Ұлттық инновациялар конкурсының жеңімпаздарын анықтады

«QazIndustry» Ұлттық инновациялар конкурсының жеңімпаздарын анықтады

Достар! Бізде керемет жаңалық!  2019 жылғы 14 қарашада
Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық инновациялар конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды.

Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының бағалау баллдарының қорытындысы бойынша номинациялар бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 

 

«Орта мектеп оқушылары арасындағы

үздік инновациялық жоба»

 

1-орын – Нұр-Сұлтан қ. №73 мектеп-лицейі оқушыларының «Инженеры-DN» тобы (Жоба – Бағдарламаланатын логикалық контроллер арқылы электр жетегі көмегімен мүгедектерің қозғалуы);

2-орын – Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы Нығманов атындағы мектеп оқушыларының «Qalqan TOR» тобы (Жоба – балаларды құлап қалудан қорғайтын терезелерге арналған пластикалық торлар);

3-орын - Нұр-Сұлтан қ. № 73 мектеп-лицейдің «Лидеры-AS» оқушылар тобы (Жоба - көру қабілеті нашар адамдарға арналған электрондық таяқша).

 

«Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба»

 

1-орын - команда студентов Назарбаев Университета,                               г. Нур-Султана «Wind of Change» (Жоба – қалалық ортадағы ауа сапасын өлшеуге арналған портативті сенсорларды қолдану);

2-орын - Нұр-Сұлтан қ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Әлем энергетикасы»  студенттер тобы  (Жоба - суды кавитациялық өңдеу);

3-орын - Ақтау қ. Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг мемлекеттік университетінің «Engineers of YU» студенттер тобы (Жоба - зияткерлік таяқшалар).

 

«Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал»

 

«Инновациялық тақырыптағы қазақ тіліндегі үздік интернет-материал» - Шынар Жұмабайқызы Қанашева (inbusiness.kz ақпараттық порталы, корреспондент);

«Инновациялық тақырыптағы орыс тіліндегі үздік интернет-материал» - Ирина Юрьевна Волкова («Литер» республикалық газеті, Павлодар облысы бойынша жеке корреспондент);

«Инновациялық тақырыптағы қазақ тіліндегі ең үздік телевизиялық сюжет» - Ануарбек Өмір Ануарбек («Алматы» телеканалы, журналист);

«Инновациялық тақырыптағы орыс тіліндегі ең үздік телевизиялық сюжет» - Салауат Темірболатұлы Игіліков («Хабар» агенттігі» АҚ, "Хабар.24" арнасының корреспонденттік желісінің корреспонденті);

«Инновациялық тақырыптағы қазақ тіліндегі ең үздік радиоматериал» - Алмас Хасенұлы Байдрахманов (Қазақ радиолары» ЖШС, Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы);

«Инновациялық тақырыптағы қазақ тіліндегі баспасөз басылымдарындағы ең үздік материал» - Айбек Серікұлы Тасқалиев (Ақтөбе қ. облыстық мемлекеттік газеті, журналист);

«Инновациялық тақырыптағы орыс тіліндегі баспасөз басылымдарындағы ең үздік материал» - Алмагүл Құрбанайқызы Кенжебекова («Транзит.KZ» республикалық журналы, фрилансер).

 

«Үздік рационализаторлық ұсыныс»

 

1-орын - Рүстем Сарсенбайұлы Алиев ( «SWISSGROW» ЖШС).

Жоба - Ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрлеріне арналған өсімдік қорғау құралдарын өндіру технологиясы;

2-орын - Мұрат Меркебекұлы Кунелбаев (Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты). Жоба - Бироторлық микроГЭС;

3-орын - Жарылқасын Сарсембекұлы Садықов («САПА» ресурс үнемдеу технологиялардың ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС). Жоба – құрғақшылық жағдайында ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жоғары бейімделген энергия-ылғал үнемдеу технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу.

 

«Үздік инновациялық белсенді өңір» номинациясын Алматы қ. жеңіп алды.

«Үздік инновациялық белсенді өңір» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтау барысында өндіріске жаңа технологиялар енгізуші компаниялардың өсу критерийлері, технологиялық инновациялар бойынша шығындар, өндірілетін өнім көлемі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зиякерлік меншік институтының патентіне өтінімдер бойынша 2018 ж. статистика ескерілді.

Ұлттық инновациялар конкурсының барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз. Медицина, экология, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа салаларда озық технологияларды құруға өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз. Қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз!