«QazIndustry» Фраунхофер IPA институтымен меморандумға қол қойды

«QazIndustry» Фраунхофер IPA институтымен меморандумға қол қойды

         ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде 06 желтоқсанда Берлинде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мен Фраунхофер IPA өндірістік инженерия және автоматтандыру институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

         QazIndustry негізінде Индустрия 4.0 құзырет орталығын дамыту осы меморандумның мақсаты болып табылады.

         QazIndustry Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша «Индустрия 4.0 құзырет орталығы еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарында Индустрия 4.0  негізгі технологиялары мен тақырыптары бойынша құзыреті мен білім трансферін жүргізуі қажет. Бұның бәрі өңдеуші сектор кәсіпорындарындағы еңбек өнімділігінің өсуіне бағытталған».

         QazIndustry мамандары Германияның Штутгарт қаласындағы Фраунхофер өндірістік инженерия және автоматтандыру институтына барды.

         Фраунхофер IPA өндірістік инженерия және автоматтандыру институты – Фраунхофердің ірі институттарының бірі, 1959 жылы құрылған және онда 1000 жуық қызметкер жұмыс істейді. Оның жылдық бюджеті 70 миллион евроны құрайды және үштен бірінен көбі өнеркәсіптік жобаларға келеді.

         Фраунхофер IPA ақпараттық және коммуникациялық техника, микроэлектроника, құрылыс, медицина және т.б.  салаларда зерттеулер және әзірлемелермен айналысады.

         QazIndustry мамандары институттың инновациялық зертханаларымен және зерттеу жобаларымен танысты, сондай-ақ, Индустрия 4.0 саласында 2020 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

       Фраунхофер IPA институты Германиядағы ірі және жетекші зерттеу мобильділік платформасы болып табылатын ARENA2036 болашақ фабрикасында зерттеулер жүргізеді. Бұл жерде толық цифрланған автомобильдің барлық қосымша құн тізбегі іске асырылады. ARENA2036 автомобиль жасау және көлік құралдарының келесі буынына арналған автомобильдер өндірісінің бастамашысы болып табылады. Көптеген ғылым және өнеркәсіп қайраткерлері зерттеу зауытында тығыз жұмыс жасайды.

         Кездесу барысында Future Work Lab болашақ зертханасына ерекше көңіл бөлінді. Орталық біліктілікті арттыру және оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, ғылыми тәжірибе алмасуға арналған платформаны ұсынады.