QazIndustry Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірге отандық тауар өндірушілермен және отандық «кәсіби қызметтер» ұсынушылармен дөңгелек үстел өткізді

QazIndustry Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірге отандық тауар өндірушілермен және отандық «кәсіби қызметтер» ұсынушылармен дөңгелек үстел өткізді

Алматы қаласында  2019 жылғы 10 қазанда «Ұзақ мерзімді шарттар жасасуға және перспективті, бәсекеге қабілетті өнім өндірісін игеруге жәрдемдесу», сондай- ақ, «кәсіби қызметтер» секторын дамытудың проблемалық мәселелері тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ іс-шараның ұйымдастырушысы болды.

      Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, Алматы қ. кәсіпкерлер палатасы, тау-кен кешенінің ірі жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құрушы кәсіпорындар: «Қазцинк» ЖШС,  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Еуразиялық топ» ЖШС, «KAZ Minerals» ЖШС, геологиялық барлау, инжиниринг, консалтинг, білім беру саласында, ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйе саласында қызметтер көрсететін отандық «кәсіби қызметтер» ұсынушылар және «QazIndustry» өкілдері кеңеске қатысушылар болды.

       Дөңгелек үстел шеңберінде отандық қызмет жеткізушілерді жер қойнауын пайдалану нарығына жылжыту мүмкіндіктерін кеңейту, «кәсіби қызметтер» секторының дамуына бөгет келтіретін кедергілерді анықтау бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу мақсатында Алматы қ. отандық қызмет ұсынушыларымен Тапсырыс берушілерге ішкі нарықта кәсіби қызметтер көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылау жөніндегі секция жүргізілді.

      Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында жүйе құрушы кәсіпорындар айналасында шектес өндірісті дамыту мүмкіндігі талқыланды және «QazIndustry» және Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы – Жеткізушілерді дамыту қызметін іске қосу туралы отандық компаниялар үшін маңызды жаңалық жарияланды. Бұл жоба отандық өндірушілерге ірі тапсырыс берушілермен келісімшарттар жасау үшін әлеуетті күшейтуге және халықаралық сертификаттау шығындарын 70% дейін өтеуді алуға мүмкіндік береді. 

    Тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алулардағы жергілікті қамтуды ұлғайту шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар, отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар және меморандумдар жасау процестері туралы ірі тау-кен кешенінің жер қойнауын пайдаланушыларына және жүйе құрушы кәсіпорындарға хабарлау дөңгелек үстелдің негізгі мәні болды.

   Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін «QazIndustry» және ірі жүйе құрушы кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ барды.

    Дөңгелек үстел жұмысына 30-дан астам отандық кәсіпорын қатысты.