NFYDE ID аймақтың кластерлерді іріктеу міселелері бойынша кеңес береді.
Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасындағы МСП бәсекелестікке қабілеттілікті көтеру» жобасына қатысу үшін аймақтың кластерлерді конкурстық іріктеу аясында «ҚИДИ» АҚ кластерлік дамыту үшін арнайы шетелдік консультативтік компанияларды тартты. Бұл компаниялардың бірі, кластерлік тәсілді ең бірінші болып пайдаланған Европа аймағының бірі - Басков Елінен (Испания) INFYDE ID компаниясы болып табылады.
Осы уақытта INFYDE ID компаниясы «ҚИДИ» АҚ командасына аймақтық кластерлерді іріктеу әдістемесі және әлемдік тәжірибе негізінде аймақтық кластерлерді мемлекеттік қолдау механизмдері мәселелері бойынша кеңес береді.
Ағымдағы жылдың 19 мен 30 маусымы аралығында INFYDE ID қызметкерлері, бас директор Белен Барроета, директорлар Йонатана Патона, Оксаны Шойму, Кармен Бедойя тұлғасында «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ-мен жемісті жұмыс атқарды. «ҚИДИ» АҚ сарапшыларымен бірлесіп аймақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді зерделеді және сараптады, 2017-2018 жылдарға арналған INFYDE ID компаниясының жұмыс жоспары мен мемлекеттік қолдау механизмдерін әзірледі.
Бірлескен жұмыс нәтижесінде өтінімді бағалау үшін қажетті мәліметтер жиналды, кластерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау механизмдерінің негізгі әдістері мен қағидалары талқыланды, алдағы перспективадағы жұмыс жоспары талқыланды.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 сәуірі мен 8 маусымы аралығында аймақтық кластерлерді конкурстық іріктеу бойынша Қазақстан аймақтарының кәсіпорындары топтарынан өтінімдер қабылданды. Жоба Мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын кластерлік дамыту бойынша компанентті жүзеге асыру аясында орындалады. Конкурсты ұйымдастырушы ҚР инвестициялар және дамыту Министрлігі, аймақтық кластерлерді дамыту операторы болып «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ анықталды.
Іріктеу рәсімі өткізілгеннен кейін ҚР Премьер-Минитрі жанындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіпті дамыту Комиссиясы 6 пилотты аймақтық кластерді анықтайды. Кейіннен «ҚИДИ» АҚ командасы шетелдік консультаттармен бірлесіп 2017-2019 жылдары жоспарланған Жоба бойынша іс шараларды жүзеге асыруға көшеді.