Ел экономикасы соңғы 10 жылда әлемдік экономикалық ахуалдарға тікелей байланысты.
Бұған себеп – ЖҰӨ басты бөлігі бұл шикізат өндірісі, ал олардың бағасы болса құбылмалы. Сол себепті ұлттық экономикалық саясат шикізатты экономикалық модельден өңделген өнім мен қызмет көрсету саласын дамытуға бар күшін салып жатыр. Бұл индустриалдық бесжылдықтар, соның аясындағы шетельдік инвестиция тарту, дайын өнім экспортын арттыру, импорттық тауарларды отандық тауармен ауыстыру және т.б. Көп жағдайда бұндай мақсаттар стратегиялық немесе зәкірлік инвесторлардың көмегімен шешіледі. Осы бағыт бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында 56-қадам ретінде Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) бірлескен кәсіпорындар құру шарасы қарастырылған.
Студия қонақтары: ҚИДИ Стратегиялық жобалар орталығының директоры - Рахымжан Ерназар пен халықаралық экономика және саясат институтының бас сарапшысы - Айжан Мұқышбаева.
Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.
