Тараздық кәсіпкерлерге өз шығындарын өтеу мүмкіндігі туралы ҚИДИ қызметкері айтып берді
16 қазан күні Тараз қаласында өткен семинар барысында кәсіпкерлерге Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне аймақтық кластерлерді дамыту және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған Мемлекеттік қолдау көрсетудің қолданыстағы Ережелерінің аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы Қолдау құралдары орталығы директорының орынбасары Ербол Тапишев айтып берді.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 3 қазан күні Мемлекеттік қолдау көрсету ережелеріне, өтініш берушіге қойылатын талаптарды жеңілдетуге бағытталған өзгертулер күшіне енді.
Шығындарды қайтару құралдарының әр-қайсысында тарихи мерзімі 24 айға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, қайтарылатын шығынның максималды мөлшері 60 миллион теңгеге дейін арттырылды. Тек кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарын қайтару мөлшері өзгеріссіз қалды – бұл құралдың максималды қолдау сомасы 30 миллион теңгені құрайды.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар қайта қаралды, технологиялық үрдістердің жетілдіруге септігін тигізетін қызметтер/жұмыстар тізімі кеңейтілді.
Актобе, Тараз, Уральск, Алматы, Петропавловск, Павлодар, Актау, Атырау, Шымкент, Кызылорда, Костанай