«Kelun-Kazpharm» ЖШС GMP стандартына қол жеткізді

«Kelun-Kazpharm» ЖШС халықаралық сапа стандартына қол жеткізді

Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті  «Kelun-Kazpharm» ЖШС инфузиялық ерітінділер өндірістік бөліміне GMP сертификатын берді. Аталған зауыт 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді, және де Қазақстан Республикасы аумағындағы ең ірі фармацевтикалық өнім өндіруші болып табылады.

GMP стандарттары енгізілгеннен бері қазақстандық тұтынушылар тиімді бағаға жоғары сапалы дәрі-дәрмектерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.  Бүгінгі күні кәсіпорын тауарын Ресей нарығына шығаруды іске асыруда. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағына бірігу шеңберінде кәсіпорын өз өнімімен Беларуссия нарықтарына шығуды жоспарланып отыр.

сайт: http://pharmnews.kz/ru/news/too-kelun-kazpharm-poluchil-mezhdunarodnyy-standart-kachestva_13890