Жүйедегі үш элемент - сарапшы Қазақстандағы еңбек өнімділігі жайында

Жұмыскерлердің тиісті білімі болмайынша, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы сөз қозғай алмаймыз.

«Ұлттық өнімділік орталығы» ЖШҚ бас директоры (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) Сергей Смирнов «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында қазақстанда еңбек өнімділігі мектебін ашуды ұсынды, - деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі.

«Еңбек өнімділігінің кәсіпорын жұмысындағы рөлі өте зор. Кез келген жұмыс орны, кез келген кәсіпорын - бұл жүйедегі бар болғаны үш элементтен құралады. Бұл адам, еңбек құралы, жабдық. Еңбек заты - біздің өнім. Осы заттардың уақыт аралығындағы өзара әрекеттестігі өндірістік процесті, не болмаса құндылықтар жасау процесін ұйымдастырады, сол үшін де клиент бізге ақша төлейді. Осы үш элементтің уақыт аралығындағы тиімділігін айқындап үйрену арқылы, сіз бен біз кез келген кәсіпорынды, кез келген өндірістік жүйені талдау құралына қол жеткіземіз», - деп мәлімдеді ол. Шетелдік мейман осы жүйеде адамның – бірден-бір белсенді элемент екенін ерекше атап өтті.

«Адам конструкцияларды, технологияларды әзірлейді, жабдықты дайындайды, бөлшектерді өңдейді, клиенттерге қызмет көрсетеді. Егер оқыту процесіне жеткілікті көңіл бөлмесек, кәсіпорындарымызда не боларын елестетіп көріңіз. Кәсіпорындарымызда орын алған кемшіліктердің барлығы қызметкерлерді оқытуға жеткіліксіз инвестиция салудың салдары деп есептеймін. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – бұл басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі тәжірибенің  жиынтығы.

Кәсіпорын мен елге даму қарқынынан қалыспай, алға басуға мүмкіндік беретін қажетті дағдыларды қалыптастырудың манызы зор. Смирновтың сөзіне сүйенсек, біздегі жоғары оқу орындарын бітірушілер бүгінгі таңда мүлде дайын болмаса да, кәсіпорындарды басқарып отыр.

Сарапшы «Білім беру жүйесінде қандай кемшіліктер бар, кәсіпорынға пісіп-жетілмеген күйде келетін түлектерге білім неге толық берілмейді?» деген сауалды қойды. Спикер негізгі үш жол арқылы еңбек өнімділігін арттыруға және кәсіпорындарды жақсартуға болатынын айтады.

«Бүгінгі күні біз  кәсіпорындарға консультанттарды тартуға қомақты қаржы жұмсаймыз, қазіргі біздің кәсіпорындарда білімімен бөлісіп жүрген мамандрдың деңгейі қандай? Яғни, бұл болашақтың еншісінде. Бізге жетілген жаңа технологиялар, жаңа жабдықтар, сондай-ақ нақты қызметкерлердің тәжірибесімен білімі қажет. Жаңа жабдық сатып алдық, бірақ қызметкерге сол жабдықта жұмыс істеуді үйретпедік, соның салдарынан зауыттар 3-4 жыл бойы жоспарлы өнімділікке шыға алмайды, жаңа жабдық бұзылады, т.б.», - дейді ол.

Сарапшы халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаппай оқыту бағдарламаларының меншікті әдісін әзірлеу жайында ұсыныс жасады. «Біздің міндетіміз – біздің жұмысымызда әлемдік тәжірибенің ең үздігін алып, өзімізде іске асыру. Әдістерді дәріптеу тұрғысында ойлануға болады, еңбек өнімділігі мектебін, өңірлік орталықтарды, тәлімгерлер мектебін ашуға, кәсіпорын қызметкерлерін жаппай оқытуға, ғылыми еңбек ұйымдарының бағдарламаларын барлық деңгейдегі оқу орындарының бағдарламаларына енгізуге болады», - деп сөзін түйіндеді сарапшы.