Цифрландыру стратегиядан басталады

Цифрландыру стратегиядан басталады

         QazIndustry сарапшылары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы,  сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарына барды, онда цифрландыру стратегиясына ұсынымдар әзірлеу мақсатында өнеркәсіптік компанияларға сауалнама жүргізді. 

Бұған дейін QazIndustry Фраунгофер атындағы
қолданбалы зерттеулер неміс қоғамымен бірлесіп өңдеуші сектор кәсіпорындарының технологиялық дайындығына бағалау жүргізді.
Фраунхофер сарапшыларының нәтижелері бойынша кәсіпорындарға цифрландыру стратегиясын әзірлеу қажеттілігін қоса алғанда, ұсынымдар берілді.

         Биылғы жылы QazIndustry кәсіпорындарды цифрландыру стратегиясына әдіснамалық ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмысты жүргізуде. Сауалнамадан және цифрлық стратегия мен бизнес-модельдер, смарт-ұйым мен смарт-өнімдер, сервистер, смарт-процестер, смарт-фабрика сияқты 5 өлшемнен тұратын Фраунхофер әдіснамасы негізге алынды. Сондай-ақ, сауалнамаға цифрландыру бөлігінде енгізілген цифрлық жүйелер мен компанияның жоспарлары бойынша сұрақтар енді.

         Сауалнама қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілген кәсіпорындар цифрландыру стратегиясына ұсынымдар алады.

Бұл жұмыс отандық кәсіпорындардың технологиялық даму деңгейін арттыруға бағытталған.