«ҚИДИ» АҚ-ның Қазақстан-Түрік бизнес форумына қатысуы.
«Өнімділік 2020» бағыты шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында 2017 жылғы ақпанның1-нен 3-і аралығында «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ Қазақстан-Түрік бизнес форумына қатысты.
Форум шеңберінде«Оңтүстік Қазақстан облысының Инвестициялық әлеуеті» тақырыбында бизнес-конференция, инвестициялық жобалардың, өнім шығарушылардың, және ОҚО-ның туристік жобаларының көрмесі өтті.
Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі бизнесмендер, өңірлік өндірістік палаталар, ассоциациялар, инвестифиялық компаниялар, даму институттары, екі мемлекет сарапшылары, сондай-ақ БАҚ-ы шақырылды.
Сонымен қатар форум шеңберінде «ҚИДИ» АҚ –ы 2015 жылғы 9-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің №1194 бұйрығымен бекітілген, еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамыьуға бағытталған индустриалды-инновациялық қызметтегі субъектілерді мемлекеттік қолдауды көрсету Ережелерін толыққанды тсіндіру мақсатында отандық өндірушілермен «В2В» форматында кездесулер өткізілді.
«ҚИДИ» АҚ-ның қолдау құралдары орталығының сарапшысы Үтетлеуов Т.Т. кәсіпорындардың қызығушылық танытқан сұрақтарына толығымен жауап беріп, көрсетілген қолдау шараларын алу үшін сұранымдарды және құжаттар пакетін даярлау мәселелері бойынша кеңес берді.
«Өнімділік 2020» бағытының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы ақпаратпен www.kidi.gov.kz ҚИДИ ресми сайтында «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде толығымен танысуға болады.