Оралдық кәсіпкерлер 60 млн. теңгеге дейін қайтара алады

13 сәуірде Оралда Батыс Қазақстан облысы Индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңес өтеді.

Аталған семинардың мақсаты - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету шараларын түсіндіру.

           Естеріңізге саламыз, 2017 жылы 3 қазанда Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер күшіне енгізілді, оған сәйкес:  

- тарихи кезең 24 айға дейін артты.

- кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуді қоспағанда, Өтінім беруші көтерген шығындарды өтеудің барынша сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайды,

- бұл құралда барынша қолдау сомасы 30 миллион теңгені құрайды.

- қызметтерді көрсету кезінде тартылған бір штат және/немесе штаттан тыс маманның болуы жеткілікті.

- *Бұл ретте кейбір құралдарда тиісті жұмыс өтілі расталған, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды тарту көзделген.

- Қағидалар шеңберінде технологиялық процестерді жетілдіру жүзеге асырылатын қызметтердің/жұмыстардың тізбесі кеңейтілді. Осылайша, өнім өндірісін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқаруға монтажбен және/немесе шеф-монтажбен байланысты шығындар да жатады (бұрын тек шеф-монтаж ғана көзделді).

- сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу, сондай-ақ Қағидалардың ережелеріне сәйкес құрал алу өтініміне қоса берілетін, орындаушының қызмет көрсету қорытындылары бойынша есепке қойылатын талаптарды енгізу мақсаттары нақтыланды.

Бағдарлама:

Басталуы 10:00-де.  

Семинар-кеңестің өткізілетін орны: Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ғимараты, 2-қабат, мәжіліс залы.

Байланыс деректері: Қолдау құралдары орталығының директоры Раушан Еділбаева, 8 701 274 16 08, 8 771 371 50 45.