Құрметті журналистер, Сіздер үшін бізде жақсы жаңалық бар!

Құрметті журналистер, Сіздер үшін бізде жақсы жаңалық бар!

«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Ұлттық инновациялар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Құрметті журналистер, конкурсқа қатысу үшін бірнеше қарапайым шартты орындау қажет:

- kidi.gov.kz сайтына «Ұлттық инновациялар конкурсы» тарауына кіру.
- «Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал» тарауын таңдау.

- Қазақ немесе орыс тілінде өтінім беру. 

«Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал» номинациясы бойынша конкурсқа 2018 жылғы 01 мамырдан бастап 2019 жылғы 31 мамыр аралығында республикалық немесе өңірлік БАҚ-та жарияланған телесюжеттер, радиоматериалдар және басқа да басылымдар жіберіледі. Егер өз жұмыстарыңызда жаңа технологиялар енгізу, іске асырылатын жобалардың жоғары әлеуеті, өмір сапасын жақсартатын креативті тәсілдер туралы айтқан болсаңыздар, онда біз Сіздерді Ұлттық инновациялар конкурсында күтеміз! Біздің білікті қазылар алқасы ең үздік материалды таңдап алады, үздік журналист және 300 мың теңге иесі дәл Сіз болуыңыз мүмкін! Бұл Сіздің талантыңызға жағымды қосымша бонус! Сондықтан, уақыт жоғалтпай, өтінім беріңіз!