Маусымның 19-21 аралығында Алматыда «Көлік, туризм, АКТ, ҒЗТҚЖ және инновациялар қызметі статистикасы дамуының негізгі бағыттары» тақырыбындағы аймақтық статистика органдары қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Керімханова семинардың ашылу салтанатында алғы сөз сөйледі.
Семинарға көлік, мәдениет, туризм, АКТ, ҒЗТҚЖ және инновациялар қызметі статистикасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын салалық басқармалардың басшылары қатысты.
Аталмыш іс-шара барысында қатысушылар «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының мақсатты көрсеткіштерін сипаттайтын көлік, туризм, коммерциялық қызметтер және мәдениет көрсеткіштерінің сапасын қамтамасыз ету, 2017 жыл қорытындысы бойынша АКТ статистикасы бойынша деректерді жинау барысында жіберілген қателіктер, жедел статистикалық ақпаратты уақытылы қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ «4.0 Индустриясы» Құзыреттілігі орталығының бас сарапшысы Бауыржан Кален «Қазақстан өнеркәсібін цифрландыру» тақырыбында баяндама жасады. «ҚИДИ» қызметкері өз баяндамасында «Цифрлы Қазақстан» МБ мақсатты индикаторларын сипаттайтын негізгі тұжырымдамалар мен көрсеткіштерді анықтау жолдары туралы әңгімелеп, семинар қатысушыларын бірқатар мысалдармен таныстырды:
«4.0 Индустриясы технологияларын енгізу қолданыстағы өндірістік және технологиялық процесстердің тиімділігін арттыру мақсатында өндіріс объектілерін толығымен цифрландыруға бағытталған».