Қатты пайдалы қазбаларды шығарудың жаңа тәсілдері

2018 жылғы маусымның 19 күні Көрме орталығында 25 Дүниежүзілік конгрес аясында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ ұйытқысымен «Қатты пайдалы қазбаларды шығарудың жаңа тәсілдері» тақ

Дөңгелек үстел отырысына ВИСТ Азия компаниясының Бас директоры Гульсара Еділбаева, Назарбаев Университеті қабырғасындағы тау-кен ісі және Жер ғылымдары мектебінің өкілі Фиделис Суоринени, даму институттары, кәсіпкерлер палатасы және отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара барысында сарапшылар қатты пайдалы қазбаларды шығару және өңдеу жұмыстарын цифрландырудың әлемдік тәжірибесін талқылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырудың басты мақсаты қатты пайдалы қазбаларды шығаруды дамытудың жаңа стратегиясын, жаңаша жұмыс әдістерініздеу, тау-кен-металлургия кешенінің түрлы сатыларында тиімді ақпараттық өзара әрекеттестікке кері әсерін тигізетін кедергілерді анықтау, кешенді ақпараттық-технологиялық тәсілдерді енгізу бойынша ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Назарбаев Университеті қабырғасындағы тау-кен ісі және Жер ғылымдары мектебінің өкілі Фиделис Суориненидің сөзінше:

  • Шахталардағы персоналдың стратегиялық ауысымы қадамдық өзгерістер саясатының тиімділігіне ықпал етпейді.
  • Қопарғыш технологиялары тау-кен өндіру өнеркәсібі дамуының үздік жолы.

«ҚИДИ» - Қазақстанның машинақұрастырушылар одағы, «КазАтомПром», «КазЦинк», Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты, ERG, Arcelor Mittal, KazMinerals, Kazakhmys сияқты компаниялармен қатарлас Ұлттық ұйымдастыру комитетінің мүшесі екенін еске сала кетуді жөн көріп отырмыз.

Аталмыш іс-шара маусымның 19-21 аралығында Астанада өтіп жатқан 25 мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі шеңберінде өткізілді. Конгресс бағдарламасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.

https://www.wmc2018.org/ru/kongress/programma-kongressa