Өткізу орны мен уақыты: Астана қ., "Hilton Astana", қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. 25 мамыр күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ («ҚИДИ») Сіздерді 2018 жылы 25 мамырда өтетін еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.
Ағымдағы жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жоғары еңбек өнімділігі бар өңдеу секторына деген бағдардың өзгермегені туралы атап өтті. Елбасы өнімнің экспортқа шығуын көздейтін кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажеттілігі туралы баса айтты.
Конференция мемлекеттік секторлар мен бизнес-қоғамдастықтар арасындағы экономиканың басым секторларындағы өндірістік кәсіпорындарындағы бәсекеге қабілеттілікке ынталандыру шаралары мен әлеуетін талқылауға арналған диалогтік алаң болады деп жоспарланады. Сондай-ақ, конференцияда мемлекеттік қолдаудың әрекеттегі шаралардың тиімділігі мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, олардың жаңартылу мүмкіндіктері талқыланады.
Спикерлердің бірі - Ресей Федерациясының «Еңбек өнімділігінің Ұлттық орталығының» бас директоры Сергей Смирнов. Сарапшы еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша әлемнің дамыған елдерінде көптеген жылдар бойы табысты қолданылған TWI («Training within industry» – «Өндіріс салалар бойынша оқыту») технологиясы туралы баяндайды.
Конференцияның тағы бір спикері – BRIT Education & Travel компаниясының негізін салушысы әрі жетекшісі Саламов Сослан Қазбекұлы. Компания британдық экономикадағы нақты салаларда, соның ішінде профильді кәсіпорындарды қоса алғанда, бизнесті ұйымдастыруды зерттеу және мамандандырылған көрмелерге қатысу мақсатында Ұлыбританияда ресейлік компаниялар басшылары мен ресейлік кәсіпкерлердің іскерлік сапарлары мен тәжірибе алмасулары үшін оқу бағдарламаларын ұйымдастырумен айналысады.
Конференцияға министрліктер мен ведомстволар, әкімдіктер, ұлттық кәсіпкерлер палатасы, даму институттары, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.
Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: http://kidi.gov.kz/forumform
БАҚ тіркелу үшін http://kidi.gov.kz/forumform сілтеме арқылы өтіп, немесе 8701 773 5691, 8 7172 983784 (ішкі 1055) телефондары бойынша, a.janabay@kidi.gov.kz электрондық поштаға хат жіберу қажет.