ЕЭО-та көлік құралдарына арналған талабы күшіне енеді
2017 жылғы 1 қаңтардағы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттер талаптарына сәйкес Одақтық мемлекеттерде оларды міндетті түрде төтенше жедел қызметтерді шақыру қондырғылармен жабдықталу талаптары күшіне енеді. Мәселе ЕЭО-та шығарылатын сәйкестікті бағалау аталған мерзімге дейін жүргізілмеген түрге жататын машиналар туралы болып тұр. Талаптар жаңа нормалар күшіне енгенге дейін пайдалануға берілген автомобильдерге таралмайды.
«Доңғалақтық көлік құралдарының қауіпсіздігін әрі қарай арттыру бойынша осындай қондырғыларлдың автокөлікте міндетті орнату Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен Одақ мемлекеттері өткізетін жұмыстың маңызды кезең болып табылады»,- деп, техникалық реттеу жөніндегі ЕЭК Одағының мүшесі (Министр) Валерий Корешков айтты.
Авария болған жағдайда машинада орнатылған қондырғы автоматты режимде немесе «дүрбелең батырмасы» басқан кезде тиісті қызметтерді хабарлайды. Сигнал алғаннан кейін, олар тез оқиға орнына өз командаларын оның ішінде медициналық бригадаларын жібереді. Жәбірленуші өмір сүруге жақсы мүмкіндігі бар кездегі «алтын сағат» ережесін орындалады. Жедел медициналық көмек көрсету және өмірді сақтау, одақтас елдердегі ұлттық төтенше қоңырау жүйелерді құрудың негізгі мақсаты болып табылады.
ЕЭО мемлекеттерінде айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының көп түрлері, жаңа талаптар бойынша растауды өткендігін атап өкен жөн. Осылайша, Ресейдің Минпромторг ақпараты бойынша биылғы жылдың 20 желтоқсанына қарай барлық ірі автокөлік брендтері - Одаққа өз өнімдерін жеткізетін бұқаралық сегменттегі (LADA, Hyundai, KIA, Renault, Volkswagen және т.б.) премиалдыға дейін (BMW, Mercedes, Porsche, Bentley, Rolls Royce және т.б.), автомобильдерді «дабыл» жүйесімен жабдықтауды аяқтап келеді.
Еуразиялық одақ бұл мәселеде Еуропалық Одақтан бір қадам алда келеді, оларда ұқсас талаптар 2018 жылдың сәуір айында ғана енгізіледі. Бірақ, көптеген әлемдік брендтер өздері шығаратын автомобильдерде сәйкесінші жүйелерге арналған қызметтердің қондырғылары орнатып қойған
Жеке тұлғалар үшінші мемлекеттерден импортталатын машиналарға да сол талаптар әрекет етеді. ЕЭО-қа 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін жекеше ретте көлікті (жаңа, қолданыста болған көліктерді) кіргізгісі келетін азаматтар, жеңіл көлікте әрекеттегі жедел төтенше қызметтерді шақыру жүйесіорнатылуы керектігін есте сақтаулары қажет.