Омбы қаласында Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті.

Омбы қаласында Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында 6-7 қарашада өткен «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы         Қазақстан  мен   Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумына жұмыс сапарымен барды.   

      Ресейлік-қазақстандық халықаралық форум екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға, іскерлік байланыстарды әртараптандыруға және екі мемлекеттің билігі мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасына арналған тиімді алаң болып табылады.

      6 қарашада Форумның бес панельдік сессиясының оырыстары өтті, онда Еуразия, өнеркәсіп, шикізаттық емес экспортты дамыту, цифрлық трансформация және әйелдер кәсіпкерлігіне назар аудара отырып, шекара маңы саудасы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Форум қатысушылары шекара маңы ынтымақтастығын дамыту бойынша тиімді іс-шараларды талқылады.

     Форум шеңберінде «Жоғары технологиялар: Қазақстан мен Ресей аймақтарының мүмкіндіктері» тақырыбында көрме өтті, оған 17 қазақстандық компания қатысты. 

      7 қарашада Ресей мен Қазақстан Президенттерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті, одан кейін Мемлекет басшыларының қатысуымен екіжақты құжаттарға қол қойылды.