Қазақстанда әлі күнге дейін төмен технологиялық деңгей сақталып отыр.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан еңбек өнімділігі көрсеткіші бойынша Чехия, Венгрия, Словакия деңгейіне қол жеткізді. Дегенмен, әлі күнге дейін ЭЫДҰ-ның басқа да дамыған елдерінен ед

Оның бағалауынша, технологиялық деңгейдің төмендігі, отандық кәсіпорындардың төмен деңгейлі еңбек өнімділігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда сарапшы кәсіпорындардың тиімділігін арттыру үшін ҚИДИ қолдау құралдары туралы айтып  берді.

«Қазіргі уақытта біз ережелерімізге өзгерістер енгізудеміз, оларды жеңілдетіп жатырмыз. Өткен жылы қабылданған өзгерістердің арқасында, экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 жыл жүзеге асырып келген кәсіпорындардың шығындары 40%, бірақ олардың әрқайсысы бойынша 60 млн. теңгеден аспайтын көлемде өтеледі. Осылайша, бір кәсіпорын 210 млн. теңгеге дейін кешенді қолдау ала алады. Бұған қоса, таяу арада өтінішаен бірге берілетін құжаттар саны екі есеге қысқарады, тартылған шетелдік жұмыскерден басқа орындаушылар үшін барлық өлшемшарттар алынып тасталады, өтініштерді қараудың жалпы мерзімі 17-ден 12 жұмыс күніне дейін қысқартылады, автоматтандыру рәсімдері аяқталғаннан кейін өтінішті электронды түрде беру мүмкіндігі қарастырылады», - деп атап өтті спикер. Осы тұрғыда ол институт ұсынатын құралдар жайында толығырақ айтып берді. Мәселен, бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие болған құралдардың бірі «Технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындарды өтеу». Бұл қолдау құралы технологиялық және энергетикалық аудиттерді, өнеркәсіптік дизайн әзірлеу, өнім өндіру процестерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару, монтаждау, шеф-монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын қамтитын болады.

«Ағымдағы жылы әрбір екінші өтініш бойынша шығындар қайтарылды және өткен жылмен салыстырғанда жалпы өтеу сомасы екі есеге өсті. Монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстары, сондай-ақ энергетикалық аудитке қатысты шығындарды өтеу бойынша өтініштер өте жиі түседі. Бұл шығындарды өтеу рәсімінің жеңілдеп келе жатқанын білдіреді», - дейді ол.

Тиімді энергия және «жасыл» технологияларды, жобаларды басқару стандарттарын және ұқыпты өндіріс элементтерін сертификаттау стандарттарын енгізуді көздейтін

«Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындарды өтеу» құралының да маңызы зор. Бұл құрал автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу және енгізуге жұмсалған шығындардың өтелуін көздейді, бұл кәсіпорындарды цифрландырудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. «Цифрландыру бойынша орын алған үрдістерді ескеретін болсақ, осы жылы өтеу саны күрт өскен және бүгінде жалпы сомасы 18,8 млн. теңге болатын 5 субъект бар. Үш кәсіпорынға жалпы сомасы 146,5 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді», - деп атап өтті Болат Жансүгіров.

Бұдан басқа, институт «Кәсіпорынның құзыретін арттыруға кететін шығындарды өтеу» құралын ұсынады, ол персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді оқытудан және тағылымдамадан өткізу арқылы даярлаған және қайта даярлаған жағдайда ұсынылады. Сонымен қатар, ҚИДИ төрағасы орынбасарының сөзіне сүйенсек,

«Индустриялық-инновациялық жобаның шығындарын өтеу немесе кешенді жоспарын сараптау» құралы бойынша, оны алғаш енгізген жылдардағы жоғары сұранысына  қарамастан, қазіргі таңда келіп түскен өтініштер саны  «жоқтың қасы». Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитовтың сөзіне сүйенсек, келесі жылы ҮИИДМБ екінші бесжылдығы аяқталады. 2010 жылдан бастау алған индустрияландыру жылдары мыңнан астам кәсіпорын іске асырылған. Соңғы үш жылда 370-тен астам кәсіпорын іске қосылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің дамуы оң динамика көрсетіп келеді: 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жыл қорытындысы бойынша 5,7%-ға ұлғайған, 2017 жыл қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,4% өсіп, бүгінгі күні бір адамға шаққанда 10,2 млн. құрап отыр. Негізінен, өсім мұнайгаз машиналарын жасау, автомобиль жасау және қара металлургия сияқты экономиканың басым секторларында орын алып отыр.