Петропавлда шығындарды қайтару бойынша семинар өтті

Қарашаның 15 жұлдызында Петропавл қалалық мәслихатында аумақтық кластерлерді дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Семинарға Солтүстік Қазақстан облысынан 50 жуық кәсіпорын қатысты. 

         2017 жылдың 3 қазанында мемлекеттік қолдау көрсету ережелеріне енгізілген өзгертулер күшіне енді. Аталған өзгертулер бойынша:

- Тарихи кезең 24 айға дейін ұзартылды.

- Өтініш берушінің көтерген шығындарын қайтарудың максималды сомасы 60 миллион теңгеге дейін арттырылды, тек кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу сомасы өзгеріссіз қалды, бұл құрал бойынша максималды сома 30 миллион теңге.

 -Қызмет көрсету барысында штаттағы немесе/және штаттан тыс тек бір маманның болуы жеткілікті.

- *Сонымен қатар, қолдау құралдарының кейбірінде техникалық және кәсіби білімі, тиісті жұмыс өтілі бар мамандардың жұмылдырылуы көзделген.

- Ережелер шеңберіндегі технологиялық процесстерді жетілдіруге бағытталған қызметтер/жұмыстар тізімі кеңейтілді. Енді өнім өндіру процесстерін басқару және сүйемелдеуді қамтамасыз ету шараларына монтаждау және/немесе шеф-монтаждауға жұмсалған шығындар енгізілген (бұған дейін тек шеф-монтаждау жұмыстары көзделген болатын).

- Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік тәжірибелерді енгізу және Ережелерге сәйкес өтініммен қоса ұсынылатынқызмет көрсету нәтижелері бойынша берілетін есеп талаптарын енгізу мақсаттары нақтыланған.

 

 

Ағымдағы жылы облыс бойынша 3 кәсіпорын аталған бағдарлама бойынша шығындарын қайтарып үлгерді:

«Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС;

«Прогресс» Тігін Фабрикасы» ЖШС;

«Богатырский продукт «Север» ЖШС.

 

Бағдарлама бойынша толық ақпарат

Ұқсас семинарлар өткен қалалар: Актобе, Тараз, Орал, Алматы

Туындаған сұрақтар бойынша келесі мекен-жайда орналасқан ұлттық институтқа тікелей хабарласуға болады: Астана қаласы, Достық көшесі 18,  «Москва» БО 19 қабат. Байланыс телефондары: +7 (7172) 799922, 799921 (іш.1029, 1027, 1059, 100).