«Жеткізушілерді дамыту қызметі» жобасын іске асыру шеңберінде QazIndustry Чех Республикасына барды.

«Жеткізушілерді дамыту қызметі» жобасын іске асыру шеңберінде QazIndustry Чех Республикасына барды.

Желтоқсан айының басында QazIndustry мамандары тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар чех кәсіпорындарына барды,  инновациялық жобалармен және кәсіпкерлерді қолдау құралдарымен танысты. Бұл сапар «Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жеткізушілердің жүйесін дамыту жөніндегі жоба шеңберінде ұйымдастырылды.

       Атап айтқанда, Қазақстан делегациясы пайдалы қазбаларды өндірумен, радиоактивті минералдарды өңдеу және қайта өңдеумен айналысатын «DIAMO» кәсіпорнына барды. Содан кейін, автомобиль салмағын төмендететін және шығарындыларды азайту арқылы қоршаған ортаны қорғайтын бірегей сипаттамалармен автомобиль өнімдерін әзірлеу және өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатын «Mubea» кәсіпорнына барды.

       Кәсіпорынның жеткізушілер тізілімі әр құрылғыны шығаруға  арналған 75 компаниядан тұрады. соның ішінде, жеткізушілердің 40% чех компаниялары болып табылады. Яғни, егер құрылғы 15 компоненттен тұрса, әр деталь үшін тізілімде әлеуетті жеткізушілердің 3-тен 5-ке дейін компаниясы бар.  Жеткізушінің таңдауы және жеткізулерге қатысуы ЕО нарығының қағидаларына сәйкес жалпы негізде жүзеге асырылады. Техникалық инновацияларға және пайдалану сапасының жоғары деңгейіне назар аудару 2020 жылға қарай 100 әлемдік жетекші автомобиль жеткізушілерінің қатарына  енуге ұмтылуға байланысты.

      Сондай-ақ, Pilsner HUB бизнес-инкубаторға барды. Қоғамдық қызметтер саласындағы көп жылғы тәжірибе мен білімнің нәтижесінде HUB ақылды қалаеың дамуына ықпал ететін көптеген технологиялық инновацияларды ұсынады. Ұйым стартаптарды дамыту саласында студенттерге қолдау көрсетеді. Осы IT Hub Қазақстандағы Astana Hub-тың аналогы болып табылады және стартаптарды қолдаудың бірдей құралдарына ие.

      Келесі кәсіпорын Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігіне бағынатын мемлекеттік қайырымдылық ұйымы болып табылатын CzechInvest инвестициялар және бизнесті дамыту агенттігі болды. Агенттік шағын, орта және инновациялық бастаушы компанияларды қолдайды.

      AMSP ČR -  Чех Республикасының шағын және орта кәсіпорындар қауымдастығы соңғы, бірақ, тәжірибе алмасу үшін одан да қызықты болды. Бұл мүшелік жарна, жеке экономикалық қызмет және коммерциялық серіктестердің ресурстары есебінен кәсіпкерлердің барлық операциялары мен қызметтерін төлейтін коммерциялық емес ұйым. Қауымдастық жиырма жыл бойы шағын және орта кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер туралы деректер жинайды, бұл оны бүгінде бизнестің осы сегменті бойынша ең сенімді статистикаға айналдырады.