Астанада «жасыл технологиялар» саласында стартаптар конкурсының финалы өтті.
Жақында астанада «жасыл технологиялар» саласында СlimateLaunchpad-2019 халықаралық стартаптар байқауы өтті.
Қазақстан Республикасындағы СlimateLaunchpad ұлттық үйлестірушісі болып табылатын «QazIndustry» АҚ Инновацияларды талдау орталығының директоры Елена Шевченко іс-шараға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Байқаудың ұлттық финалының нәтижелері бойынша 2 топ іріктеліп алынды, олар осы жылдың қараша айында Амстердам қаласында өтетін байқаудың халықаралық финалына қатысады. HydroPlat жобасын ұсынған топ бірінші орынға ие болды. Жобаның негізгі идеясы – сутекті автомобильдерге арналған арнайы наноматериалдар алу. dECO жобасын ұсынған топқа екінші орын берілді. Бұл жоба бұрын қолданылған заттардан бірегей заттар жасау және сатуға арналған платформа құруды ұсынады. Қатысушылар арасында TopyraQ – тамақ қалдықтарын өңдеу және оларды компостқа айналдыру жобасын ұсынған топ ерекшеленді. Жоба 55 ел арасынан іріктелген басқа да қатысушылармен бірге онлайн дауыс беруге қатысу мүмкіндігін алды. Халықаралық байқау жеңімпаздары өз жобаларын дамытуға ақшалай сыйлық алады.
СlimateLaunchpad – «жасыл технологиялар», жаңартылатын энергия, азық-түлік өнімдерін тұрақты өндіру және қоршаған ортаны қорғау технологиялары саласындағы бизнес идеялардың халықаралық байқауы. Байқау Назарбаев университетімен бірлесіп, Ғылым қорымен өткізіледі. Climate-KIC Еуропалық инновациялар мен технологиялар институты байқаудың халықаралық ұйымдастырушысы болып табылады.