Дүниежүзілік банк Алматы өңірінің туристік кластерін дамытуды қолдады

«TINFO» желілік агенттігі Кәсіпкерлер палатасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап: «Өткен дүйсенбіде Кәсіпкерлер палатасында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ («ҚИДИ») және Inform

Жоба шеңберінде біздің облысымыз туристік бағытты дамытуға арналған өңір ретінде белгіленді. Жыл басынан бастап кәсіпорын басшыларымен жеке сұхбаттар жүргізілді және кластер дамуының ағымдағы жағдайына талдау жасалды.

- Дайындалған сапалы инфрақұрылым ішкі туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді, бұл құралдар өңір экономикасын дамыту үшін жұмыс істейді. Сервис пен тамақтандырудың жоғары деңгейі, қолайлы бағдарлар, қызықты объектілер болған жағдайда миллиондаған туристтер өңірге қарай тартылады. Бұдан басқа, біздің облыс бірегей табиғи ресурсқа ие. Осы жобалардың барлығын жүзеге асыру үшін, нақты мүмкіндіктер мен таяу арадағы перспективаларды айқындау қажет, - деп атап өтті РСП директоры Нариман Әбілшайықов. КҚО алаңындағы отырыс барысында «ҚИДИ» өкілдері жобаны іске асыру кезеңдері мен механизмдері, негізгі проблемалары мен кластердің міндеттері жайында ақпарат берді. - Қазір талқылау үстіндеміз. Туристік кластерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына кіретін бастамаларды әзірлеумен бірге айналысамыз. Жалпы алғанда, 2005-2007 жылдары Қазақстанда кластерлеудің алғашқы қадамы жасалды. Бірақ бізде бұл саланың білікті мамандары аз. Осыған байланысты, бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк бізге испандық компания атынан техникалық қолдау көрсетеді, - деп атап өтті «ҚИДИ» АҚ Кластерлік даму орталығы директорының орынбасары Жанна Байтемірова. Өз кезегінде, Informasion YDesarollo компаниясының консультанты бірінші кезекте Жетісуда инфрақұрылымды жақсартып, туробъектілерді қолайлы әрі барлығы үшін қолжетімді етуге кеңес берді. Бұдан басқа, ол сервис және кадрларды даярлау деңгейін арттыруға назар аударды. Бастамашылар осы жобаны толыққанды іске асыру Алматы өңірі аумағындағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Таныстырылым қорытындысында Алматы облысының Ішкі туризмді дамыту қауымдастығы өкілдері кіретін алты жұмыс тобы айқындалды.