«Infyde» испандық компания басшыларымен кездесу
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Келісімге сәйкес «Қазақстандағы кішігірім және орташа кәсіпорындардың бәсекеге жарамдылығын арттыру» жобасын жүзеге асырып жатыр, осы Жоба шеңберінде аумақтық кластерлерді дамыту бойынша кіші құрауыштарды жүзеге асыру қарастырылады.
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ы Дүниежүзілік банкінің аумақтық кластерлерді дамыту мәселесі бойынша техникалық қолдауды жүзеге асыру үшін конкурстық негізде «Infyde» испандық компаниясы тартылды. «Қазақстандық идустрия дамыту институты» АҚ-ның кеңсесіндегі кездесулерде, аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге түскен өтініштерді бағалау әдістемесіның мәселелері талқыланады. Бұдан басқа, Испаниядағы кластерлік саясат құру мәселелері қарастырылады.
Кездесулерде Испания тарапынан компания президенті Хайме Кастильо, сарапшылар Хуанме Эстебан және Оксана Сойму, Қазақстан тарапынан: «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның Кластерлік даму орталығының қызмтекерлері қатысады.