Алматыда Жиһаз кластері жұмыс топтарының екінші отырысы өтті

19 маусым күні Алматыда Дүниежүзілік Банктің «Қазақстан ШОБ бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты жобасын іске асыру шеңберіндегі Алматы қаласының Жиһаз кластері жұмыс топтарының екінші кезде

 «ҚИДИ» АҚ Кластерлік даму орталығы директоры Тимур Шалабаев,  сарапшы Индира Баймендинова және испандық Infyde компаниясының консультанты доктор Оксана Шойму Алматы құрылыс-техникалық колледжінде ұйымдастырылған кездесудің үйлестірушілері қызметін атқарды.

Кездесуге ҚР ЖАӨКҚ (ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы), «Алматы жиһаз фабрикасы» ЖШС, «Торнадо Plus» ӨКФ ЖШС, «AWOOD» ЖШС, «Якупов А.Р» ЖК сияқты 11 кәсіпорын өкілдері және «ДСП-Центр» ЖШС, «BMG-engineering» ЖШС сияқты материалдар мен фурнитура жеткізіп беруші кәсіпорындары, АҚТК (Алматы құрылыс-техникалық колледжі) ҚазБҚА (Қазақ бас саулет-құрылыс академиясы) мамандандырылған оқу орындары қатысты.

Алматы жиһаз кластері жұмыс топтарының бірінші отырысында кластер дамуының келесі бағыттары нақталанған болатын: өндірістік қорлар, экспорт, сату және дистрибьютерлік, құзіреттілік және оқыту.

Екінші кездесу барысында Алматы қаласының Жиһаз кластері жұмыс топтарының бірінші отырысында белгіленген міндеттердің орындалуының аралық нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар, кластер қатысушылары «ҚИДИ» АҚ үйлестірушісімен бірге Басктер еліне (Испания) жасаған халықаралық сапарынан алған халықаралық тәжірибесімен бөлісті. 

Кәсіпорындарға «Өндірістік қорлар» бағыты бойынша қазіргі таңда атқарылып отырған технологияларды және жабдықтарды жетілдіру, өндірісті автоматтандыру, технологиялық аудит жүргізу сияқты мемлекеттік қолдау шаралары («ТДҰА» АҚ және «ҚИДИ» АҚ тарапынан көрсетіліп отырған) туралы ақпарат берілді.

Жиһаз саласына ұлттық стандарттарды енгізу мәселесі бойынша «Алматы вентилятор зауыты» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы және құрылтайшысы Марат Бакуов баяндама жасады. М. Бакуов өз баяндамасында аталған салаға стандарттарды енгізу және оларды құру процедуралары жайында айтып берді.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары «Тұрғынүйқұрылысбанкі» АҚ жиһаз кластері компанияларымен өндірілген жиһазды сатып алуға жеңілдіктер ұсыну бойынша серіктестік жобасын талқылады. Қазіргі таңда кәсіпорындар пәтерлердің жоспарлануына байланысты оларды жиһаздау нұсқаларын әзірлеп баға ұсыныстарын дайындауда. Сонымен қатар, пәтер жиһаздарын ипотекалық несие бағдарламаларына енгізу мәселесі қарастырылуда.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өкілдерімен 2018 жылға арналған экспорттаушыларды сервистік қолдау шарттары туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу нәтижелері бойынша Алматы қаласының жиһаз кластерін дамыту жобалары  және перспективті бағыттары түйінделді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында КлДО қызметкерлерімен Алматы қ. Жиһаз кластерінің екінші қоғамдық таныстырылымын өткізу жоспарланып отыр.