Қарағандыда құрылыс кластері жұмыс топтарының екінші отырысы өтті

Маусымның 11-14 аралығында Қарағанды қаласында Қарағанды облысының құрылыс кластері жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті. Бұл жиынды ұйымдастырған «Кәсіпкер» құрылыс бизнесін дамыту орталығы

Кездесулер «ҚИДИ» АҚ Кластерлік даму орталығының қызметкерлері Зауре Нургалиева, Асқар Шулгубаев (кластер менеджерлері) және Infyde (Испания) компаниясының консультанты  Мишель Сетуаиннің модераторлығымен өтті.

         Отырысқа Қарағанды облысының құрылысшылар ассоциациясы, «Аспап» ӨК, «ЭТФ» ЖШС, «Стройка и К» ЖШС,  «RENTAL Ltd» ЖШС,  «Alian Paint» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Braer color» ЖШС, «Бёмер Арматура» ЖШС, «Nord Пром НС» ЖШС, «REALCOM» ЖШС, «ККК ЛТД» ЖШС, «Стройтехнология» ЖШС, Қарағанды мемлекеттік техникалық универститет, «Кәсіпкер» құрылыс бизнесін дамыту орталығы» ЖШС сияқты салалық кәсіпорындармен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жұмыс топтарының екінші отырысында Қарағанды облысының құрылыс кластері дамуының басымды бағыттарының жобалары толық зерттелді.  

Сонымен қатар, кездесу барысында Кластерлік саясаттың құзыреттілігі орталығын, сертфикаттау және инновациялар бойынша зертханалар құру мүмкіндігі талқыланды.

Аталған кездесуде кластердің басымды жобаларының стратегиялық жолдарын анықтау және құрылыс секторы тұтынушыларының  сатып алу критерилерін зерттеу мақсатында құрылыс секторы кәсіпорындарымен, дистрибьютерлік және риэлторлық компаниялармен және «Қазақстанның Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ Қарағанды және Астана қалаларындағы филиалдары қызметкерлерімен бірқатар сұхбаттар өткізілді.