Өнім берушілерді дамыту қызметінің жобасы
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы аясында 2019 жылдан бастап жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасы іске асырылуда. Бұл жоба сараптамалық қызметтер көрсету, консультациялар беру, сүйемелдеу және аккредиттеу жөніндегі шығыстарды өтеу арқылы отандық өнім берушілердің Тапсырыс берушілермен нарықтық байланыстарын кеңейтуге бағытталған. Жобаны іске асырудың аралық қорытындылары:
- 43 аккредиттелген жеткізуші,
- 123 млн. теңге аккредитацияға өтелді,
- өнімді жеткізуге 9 меморандум жасалды,
- 3,9 млрд. теңге жасалған келісімшарттар сомасы.