«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығына - 10 жыл!

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығына - 10 жыл!

Біздің компанияның тарихы 2010 жылғы 3 маусымда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы құрылған кезде басталды.

 

Негізгі миссия елдің индустриалды-инновациялық дамуын алға жылжытуға және Қазақстанның индустриялық саясаты бойынша ұсыныстар жасауға бағытталған болатын.

 

2019 жылдың 19 сәуірінде Институттың қызметі кеңейтіліп, Үкіметтің шешімімен Қазақстандық индустрияны дамыту институты - «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы болып өзгертілді.

 

Бүгінгі таңда Компания индустриялық саясат, экспортты ілгерілету, технологиялық даму, жергілікті қамтуды дамыту, индустриялық инфрақұрылым (арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды үйлестіру), көлік және логистика саласында құзыреттіліктерді қалыптастырып, өңдеу өнеркәсібі және оған жататын салаларды дамыту мәселелері бойынша жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ұлттық сараптамалық орталығына (Think Tank) айналды.

 

Бүгін біздің команда

 

Өңдеу өнеркәсібінің салаларын дамытуға бағытталған ірі мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын әзірлеуге қатысады;

 

Үкімет деңгейінде стратегиялық шешімдер қабылдау үшін өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістік кәсіпорындардың жүйелік мәселелерін шешу бойынша жол карталарын, ұсыныстарды әзірлейді;

 

Қазақстандағы кластерлік бастамалардың дамуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда халықаралық деңгейде танылған 6 пилоттық аумақтық кластерлер сәтті жұмыс істеуде (Кластерлік талдаудың Еуропалық хатшылығы «BRONZE Label» қола даму деңгейіне ие болды);

 

«QazIndustry» тиімді өнеркәсіптік өндірістен бастап ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді сатуға дейінгі мемлекеттік ынталандыру шараларын (шығындардың бір бөлігін өтеу) ұсынатын «Бір терезе» болды;

 

«QazIndustry» Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, қазақстандық компаниялар, мұнай-газ, тау-кен металлургия салаларында жұмыс істейтін трансұлттық және ірі қазақстандық корпорациялардың сертификатталған және аккредиттелген жабдықтаушылары болуына көмектесу үшін «Жабдықтаушыларды дамыту қызметін» құрды;

 

Қазақстанның арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарын басқару мен басқаруды тиімді үйлестіру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құрылды;

 

«QazIndustry» Фраунхофера атындағы неміс қолданбалы зерттеулер қоғамымен бірлесе отырып, өнімділікті және еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарына Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге жәрдемдесу бойынша жумыстар жүргізуде;

 

Жергілікті қамтуды және ішкі нарықта отандық өндірушілерге сервистік қолдауды дамыту мақсатында біз ақпараттық жүйені сүйемелдеудеміз («Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» АЖ);

 

Сонымен қатар біздің команда ЕАЭО және ДСҰ-да өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша елдің ұстанымын қалыптастырады;

 

Құрылған команда – бұл ортақ міндеттерге бағытталған, көпшілігі шетелдік білім алған, Президенттік жастар кадрлар резерві мен Елбасы бастамасы аясында әзірленген сала менеджерлеріне арналған «Ел Үміті» оқу бағдарламасына қатысушы пікірлестердің ұжымы;

 

Компанияның құрылуының басында тұрған және ұйымның одан әрі дамуына үлес қосқандардың барлығын құттықтаймыз. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» жинақтаған потенциалы қазақстандық кәсіпорындардың және тұтастай елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға өз үлесін арттыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.