Бизнеске арналған вебинар:құжаттар пакетін қалыптастыру және шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім беру туралы

22 шілдеде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнес өкілдері үшін еңбек өнімділігін арттырумен байланысты және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытумен байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін өтінімдер мен құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша вебинарлар өткізді.

Өңделген тауарларды экспорттаушылардың тауарларды шетелде жарнамалауға, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға қатысуға, өнімді шетелде сертификаттауға, қоймаларды, сауда үй-жайларын жалға алуға байланысты кеткен шығындары өтеледі. Бүгінгі күнгі елеулі және қажетті шаралардың бірі - көлік шығындарының бір бөлігін өтеу.

Еңбек өнімділігін арттыру шеңберінде персоналды оқытуға, кәсіпорында жұмыс істеу үшін шетелдік мамандарды тартуға, IT саласындағы консалтингке, жабдықтарды орнатуға, сынақтар өткізуге, аудит жүргізуге, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге, автоматтандырылған жүйелерді, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге байланысты шығындарды және отандық кәсіпорындарымыздың көптеген басқа да шығындар өтеледі.

Вебинарлар барысында «QazIndustry» АҚ бизнес өкілдеріне шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін құжаттар пакетін қалыптастыруға қойылатын талаптарды, құжаттар пакетін қалыптастыру кезінде жіберілетін негізгі қателіктерді, сондай-ақ, export.gov.kz және qazindustry.gov.kz порталдары арқылы онлайн өтінім беру талаптары түсіндірілді

Кәсіпкердің өтінімі қандай себептер бойынша қабылданбауы мүмкін?

Біріншісі - ереженің өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен. Бұл өндірілетін тауар не бекітілген тізбеге кірмейді, не бұл көзделмеген шығындар, не компанияның салықтар бойынша берешегі және мемлекеттің қатысуымен үлестес болуы дегенді білдіреді.

Екіншісі-құжаттардың толық емес пакеті. Мысалы, қосымшасыз шарттар, өз шығындарын және басқа да қаржы шығындарын растайтын төлем тапсырмаларының болмауы.

Үшінші-техникалық қателер, яғни дұрыс толтырылмаған өтінім немесе көрсетілген деректердің қоса берілген құжаттармен сәйкес келмеуі. Бірақ кәсіпкерлер ескертулерді жоюға және қайтадан өтініш беруге құқылы.

Бас тартудың тағы бір себебі бар - өтініш беруші басым өңделген тауарды өндіруші емес және экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асырмаған кезде.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Вебинарлардың бейнежазбаларымен сілтеме арқылы танысуға болады

(еңбек өнімділігін арттыру бойынша) және

(отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша).

 

«QazIndustry» АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің операторы болып табылады.

«QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша толық ақпарат корпоративтік сайтта орналастырылады www.qazindustry.gov.kz

 

Анықтама: кеңес алу үшін байланыстар:

- Атырау обл., Ақтөбе обл., БҚО, Маңғыстау обл., Қызылорда обл. – Айслу Жалмурзина, 8 778 171 24 66, a.zhalmurzina@qazindustry.gov.kz;

- Алматы қ., Шымкент қ., Алматы обл., Жамбыл обл., Түркістан обл. - Рауан Мыңбаев, 8 701 493 37 43, r.mynbayev@qazindustry.gov.kz;

- Нұр-сұлтан қ., Ақмола обл., Қостанай обл., СҚО - Шоқан Суюнов, 8 701 525 10 25, sh.suyunov@qazindustry.gov.kz;

- ШҚО, Қарағанды обл., Павлодар обл. - Аслан Бекбергенов, 8 701 222 44 69, a.bekbergenov@qazindustry.gov.kz.