Цифрлық трансформация кәсіпорындардың тиімділігін арттыру құралы ретінде

«Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақаладан QazIndustry жүргізіп жатқан цифрландыру, салалық кәсіпорындарды талдау әдіснамасы және Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің халықаралық тәжірибесі жайлы таныса аласыз.

 Цифрлық технологиялар кәсіпорындардың үрдістерін, модельдерін, құрылымдары мен бизнес-операцияларын түбегейлі өзгертуге және жақсартуға қабілетті, бұл олардың жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі драйвері болып табылады.

Кәсіпорындарды цифрландыру соңғы жылдары бизнес үшін қолжетімді болған жаңа технологияларды енгізуге байланысты: үлкен деректер аналитикасы және машиналық оқыту, жасанды интеллект, роботтандыру, толықтырылған шынайылық, заттар интернеті (IoT), 3D басып шығару, бұлтты есептеу.

Meticulous Research болжамына сәйкес 2025 жылы цифрлық трансформация нарығы 2019 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде орташа есеппен 22,7%-ға артып, 3 294 миллиард долларға жетеді. Өсім өңдеу өнеркәсібінде жасанды интеллект (AI) және робототехниканы енгізу, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында Заттар интернетін (IoT) кеңінен енгізу, сондай-ақ үкіметтік бастамалар мен салаларды цифрландыру жөніндегі саясат есебінен ұлғайтылатын болады.

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіпті цифрландыру міндетін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев 2017 жылы халыққа Жолдауында қойған болатын. Келесі 2018 жылғы жолдауда «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған, индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеу басталды. Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап QazIndustry кәсіпорындарда цифрландыруды жан-жақты талдау және қолдау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Терең талдау жүргізу үшін Қазақстанның 900 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорнынан 100-ден астам компания таңдалды. Іріктелген компаниялар арасында арнайы сауалнама жүргізілді. Бұл кәсіпорындарды цифрлық жобаларды (шешімдерді), проблемалық мәселелерді енгізу тұрғысынан талдау, сондай-ақ ел өнеркәсібінің Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге ағымдағы дайындығын бағалау үшін негізгі құрал болды.

Іріктелген кәсіпорындардың тізімін мына жерден табуға болады.

Сауалнаманың негізіне цифрлық жобаларды (шешімдерді) енгізу мәніне салалық кәсіпорындарды талдаудың арнайы әзірленген әдіснамасы алынды. Сонымен қатар, іс-қимыл алгоритмдерін сипаттау және проблемалық мәселелерді талдау, сондай-ақ терең сараптамалық бағалау үшін оларды шешу мерзімдері бойынша сыныптаумен кәсіпорындардағы проблемалық мәселелерді талдау әдіснамасы жасалды.

Экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі халықаралық тәжірибе, сондай-ақ іске асырылып жатқан бастамалар мен бағдарламаларға жасалған талдау жасау арқылы Үкімет алдына қойылған міндеттерді шешу үшін өнеркәсіп салаларында Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге баса назар аудара отырып, экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі бірқатар сұрақтарға, атап айтқанда қандай бағыттарға баса назар аудару қажет, қандай жобалар өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың драйвері бола алады, өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың цифрлық экономикамен және басқа салалармен байланысы қандай деген сұрақтарға жауап беруге талпыныс жасалды.

Халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдаумен мына жерден танысуға болады.

Өнеркәсіпті цифрландыру – бұл бизнес-модельдер мен өндіріске, сондай-ақ кез келген кәсіпорын үшін қайтымсыз болатын еңбек қатынастарына әсер ететін жаһандық және қайтымсыз үрдіс екенін назарға ала отырып, өнеркәсіп кәсіпорындары үшін Индустрия 4.0 элементтерін, сондай-ақ кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық жобаларды (шешімдерді) енгізу бойынша ұсынымдық «фреймворк» тәсілдемесі әзірленді.

Ұсынымдарды мына жерден табуға болады.

Цифрлық трансформация меншік нысанына, көлемі мен саласына тәуелсіз әр кәсіпорын үшін қайтымсыз. Өндірістік үрдістерді арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдерді енгізу арқылы цифрландырудан туындайтын тиімділікті түсіну үшін QazIndustry өнеркәсіптік кәсіпорындарды ауқымды қамту және оларды цифрлық даму кезеңдерінде сүйемелдеу үшін осы бастамаларды іске асыруды жалғастырады.

 QazIndustry сарапшылары талдау және одан әрі бағалау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу үшін кәсіпорындарды ынтымақтастыққа шақырады.

Бұл жоба туралы толығырақ QazIndustry-дің байланыс тұлғасы – Кайкенов Бекболат Сағитұлы B.Kaikenov@qazindustry.gov.kz +7 707 635 59 22, +7 778 415 4562 арқылы білуге болады.