QazIndustry «Экспорт академиясымен» ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қолдау құралдарын дамыту және мониторинг жүргізу дирекциясының басшысы Диас Серіков «Экспорт академиясы» консалтингтік компаниясының негізін қалаушы Гүлмира Юсуповамен кездесу өткізді.

Кездесуде Диас Серіков QazIndustry жұмысының басты бағыттары, оның ішінде бизнесті қолдау және экспортты ілгерілету жөніндегі бағыттары туралы айтып берді.

Гүлмира Юсупова академияның Қазақстандағы кәсіби экспорттаушылардың жаңа класын қалыптастыруға бағытталған негізгі қызметімен таныстырды. Компания топ-менеджмент және компаниялардың меншік иелері, кәсіпкерлер, барлық деңгейдегі басшылар, мамандар, тауарлар мен қызметтерді экспорттау мәселелері бойынша менеджерлер бизнес-оқытумен және бизнес-консалтингімен айналысады.

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту (шығындарды өтеу) бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары бойынша экспорттаушыларға консультациялар мен оқыту жүргізуде өзара іс-қимыл туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сондай-ақ, экспортқа байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге өтініш берушілердің әлеуетті тізімін қалыптастыру кезінде ынтымақтасу және олармен нақты жұмыс жүргізу жоспарлануда. «Экспорт академиясы» экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру жөніндегі жұмысқа жәрдемдесетін болады (кәсіпорындар көтеретін шығындардың жаңа түрлері).

Бұдан басқа, одан әрі ынтымақтастық, отандық өндірушілердің өңделген тауарларын экспорттауға байланысты өзекті ақпарат алмасу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасалатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың айтылған бастамалары қолдау тауып, онлайн іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.