Табысты тарих: «Сәуле» кондитерлік фабрикасының тәжірибесі

Сіздердің назарларыңызға Сәуле кондитерлік фабрикасының табыс тарихын ұсынамыз. ҚР ИИДМ және ҚР CИМ желісі бойынша ұсынылатын «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында компания өзінің өндірістік қуатын арттырып, экспортын кеңейтті.

2019-2020 жылдар аралығында тамақ өнеркәсібі кәсіпорны мемлекеттік ынталандыру шараларына бірнеше мәрте жүгінген. Кондитерлік фабрикаға технологиялық процестерді жетілдіруге байланысты шығындарды, атап айтқанда жұмыстар мен жабдықтарды монтаждау және іске қосу шығындары өтелді.

Сондай-ақ, компанияға тауарларды жылжытуға бағытталған шығындар, атап айтқанда автомобиль көлігімен жеткізу және шетелдік көрмелерге қатысуға байланысты шығындар өтелді.

Бүгінгі таңда компанияның қызметкерлер саны 70 адамды құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 6 тоннадан 40 тоннаға дейін артты.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің операторы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі операторы бола отырып, кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге өтінімдер қабылдауды жалғастыратынын еске саламыз. Өтінімдер онлайн-форматта қабылданады.

Барлық мәліметтер біздің сайтта www.qazindustry.gov.kz

QazIndustry-ге хабарласыңыз, біз сіздердің әрбір өтініштеріңізді қарастырамыз!

https://www.youtube.com/watch?v=BG54_i-xLpI