QazIndustry «Кублей» ЖШС-не қолдау көрсетті

QazIndustry поддержал ТОО «Кублей»

QazIndustry «Кублей» ЖШС жаңа салқындатылған ет өндірумен айналысатын еліміздің ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірін қолдады. 2019 жылы компания жануарлардан алынатын қалдықтарды қайта өңдеу және ет-сүйек ұны мен техникалық май өндіру бойынша жабдықтарды шеф-монтаждау бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге бағытталған шығындарды өтеді. 2020 жылы QazIndustry компанияға энергия аудиті, сондай-ақ тауарларды автомобиль және темір жол көлігімен жеткізу бойынша шығындарын өтеді.

2018 жылы «Кублей» ЖШС қалдықтарды (сүйек және қан) ет-сүйек және сүйек ұнына қайта өңдеу бойынша арнайы цехты іске қосты. Бұл ұн жануарлардан алынатын ақуыз-минералды тағам болып табылады және құс фабрикаларында бройлерлерге арналған тірек-қимыл жүйесі мен сүйек жүйесін нығайту үшін үлкен сұранысқа ие, ал тауықтардың жұмыртқа өндірісін ұлғайтып, жұмыртқа қабығының сапасын арттырады. Сонымен қатар, қазір сабын өндірісінде қолданылатын жануарлар майын алу жолға қойылған.

 

«Кублей» ЖШС басшысы Талғат Берекешевтің айтуынша, 2020 жылы компания WET-BLUE былғары хромдалған жартылай фабрикатына тері өңдеу цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорында бір ауысымда 600 теріні өңдейтін итальяндық заманауи технологиясы қолданылатын болады. Жақын күндері итальяндықтар жабдықты шеф-монтаждау және қызметкерлерді оқыту үшін келеді деп күтілуде.

 

«Цехты іске қосудың арқасында кәсіпорын қосымша жұмыс орындарын құратын боламыз. Компания теріні жергілікті тұрғындардан қабылдауды жоспарлап отыр. «Кублей» ЖШС жартылай фабрикатты жергілікті нарықта сатуға және Еуропа, РФ және ҚХР елдеріне экспорттауға ниетті", - деп бөлісті Талғат Брекешев.

 

Жалпы, кәсіпорын бүгінде 500-ден астам қызметкер еңбек ететін екі зауыттан тұрады. 1992 жылы консерві зауыты іске қосылды және қазіргі уақытта ассортименті 100-ге жуық өнім түрін құрайды. 2015 жылы жаңадан салқындатылған, мұздатылған ет пен жартылай фабрикаттарды өндіру үшін қуаттылығы 400 бас ІҚМ және 700 бас ұсақ мал ет өңдеу кешені пайдалануға берілді.

 

Зауыттар автоматтандырылған процесті қамтамасыз ететін еуропалық өндірістің заманауи жабдықтарымен жабдықталған, олар «Кублей» ЖШС өндіретін өнімнің жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Ал QazIndustry кәсіпорындардан шығындарды онлайн-форматта өтеуге өтінімдер қабылдауды жалғастыратынын еске саламыз.

 

Толығырақ біздің сайттан ақпарат алуға болады.