Еліміздің өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы келесі 6 жылға арналған индустриялық саясаттың жаңа тәсілдерін айғақтайтын бірыңғай құжат әзірледі.
2020 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуда. Елді индустрияландырудың үшінші бесжылдығының мақсаты Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Бұл бағдарлама индустрияландыруды тереңдету, өндіріс көлемін ұлғайту және өңделген тауарлар номенклатурасын кеңейту, өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған.
Бағдарламаға енгізілген барлық жаңа тәсілдер туралы бизнес өкілдерін кеңінен ақпараттандыру мақсатында «2025 жылға дейінгі Индустриялық саясатқа жаңа тәсілдер» атты брошюра әзірленді. Онда өткен 10 жылдағы индустриялық саясатты іске асыру қорытындылары, үшінші бесжылдықтың негізгі тәсілдері, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары мен құралдары бойынша толық ақпарат ұсынылған.
Брошюраны кәсіпорындар облыстық және қалалық әкімдіктердің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан ала алады.
Сондай-ақ, материалды qazindustry сайтында сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://qazindustry.gov.kz/docs/otchety/1598612029.pdf
QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы технологиялық шешімдер мен өндірістің жаңа желілерінен, цифрлық технологияларды экспорттау мен енгізуден бастап барлық кезеңдерде өнеркәсіптік кәсіпорындарға жәрдем көрсететін бірыңғай үйлестіруші болып табылады.