QazIndustry бизнесті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша вебинар өткізді

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» 17-28 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, Алматы облысының «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ қолдауымен жоғарыда аталған облыстардың 40-тан астам өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін, сондай-ақ, «Қазақстанның Ет одағы» ЖКЗТБ және «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ кіретін компаниялар өкілдері үшін вебинар-кеңес өткізді.

Вебинарлар барысында Qazindustry спикерлері қатысушыларды кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және экспортты ілгерілету үшін мемлекет субсидиялайтын шығындарды өтеу, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарды өтеу жөніндегі ережелердегі өзгерістер шарттары мен тәртібімен таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпкерлерден шығындарды онлайн-форматта өтеуге өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Сіз мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы www.qazindustry.gov.kz сайты арқылы толығырақ мағлұмат ала аласыз.