«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы фармацевтикалық «Dosfarm» компаниясы мемлекеттік қолдау шараларына жүгініп, бірқатар шығындарын өтеді.
Біздің https://t.me/qaz_industry каналымызға берген сұхбатында DOSFARM компаниясы экспорт бөлімінің бастығы Ольга Свергун дәрілік препараттар өндірісінде қолданылатын технологиялар, компанияның экспорттық әлеуеті және экспорт елінде дәрілік заттарды тіркеу үдерісі жайлы айтып берді.
Компания жыл сайын даму көкжиегін кеңейтуде. Бүгінгі таңда дәрілік заттар 9 елге экспортталады. Компания 2014 жылдан бастап шығындардың бір бөлігін өтеп, мемлекеттік қолдау шараларын қолданып келеді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын экспорт елдерінде препараттарды тіркеуге және халықаралық көрмелерге қатысуға бағытталған шығындарды өтеген. Ольга Свергунның айтуынша, әдетте тіркеу процесі – тіркеу құжаттамасын қалыптастыру және оны тіркеуге беру сәтінен бастап, осы нарықтарға сатуға рұқсат алу процесі – шамамен бір жыл уақыт алады. Процесс өте ұзақ және қымбат, сондықтан әр өндіруші экспортқа шығуға бара бермейді, дейді спикер. Осы ретте мемлекеттік қолдау шаралары – жаңа нарықтарды игеруге үлкен көмек.
QazIndustry кәсіпорындардан еңбек өнімділігін арттыру және экспорт бойынша келтірілген шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыратынын еске саламыз.
Барлық мәлімет www.qazindustry.gov.kz сайтында.