«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Шымкент қаласының «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ және Қызылорда облысының «Индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ қолдауымен өңірлердің 25-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін вебинар-кеңес, сондай-ақ «Қазақстанның Құс өсірушілер одағы» ЗТБ және «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ құрамына кіретін компаниялардың өкілдері үшін вебинар өткізді.
Вебинарлар барысында QazIndustry спикерлері қатысушыларды кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және экспортты ілгерілету үшін мемлекет субсидиялайтын шығындарды өтеуді, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарды өтеу жөніндегі ережелердегі өзгерістерді алу шарттары мен тәртібімен таныстырды.
Сондай-ақ QazIndustry өкілдері Нұр-сұлтан қаласының өнеркәсіптік кәсіпорнына «Kaz Pipe Pro» ЖШС (алдын ала оқшауланған құбырлар мен фасонды бұйымдар өндірісі) барды. Сапардың негізгі мақсаты QazIndustry ұсынатын қолдау құралдары шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы хабардар ету болып табылады.
Сонымен қатар, 11 қыркүйекте QazIndustry өкілдері мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетігін түсіндіру мақсатында Нұр-сұлтан қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері үшін оқыту семинарын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.