«Пойма Май комбинаты» ЖШС-нің табысты тарихы

QazIndustry Батыс Қазақстан облысындағы өсімдік майын қайта өңдейтін қазақстандық өндіруші «Пойма Май Комбинаты» ЖШС-ға қолдау көрсетті. Дүкен сөрелерінде өндірушінің өнімдері «Белес» маркасымен ұсынылған, 10 жыл ішінде компания ауылшаруашылық өндірісі, қайта өңдеу және дайын өнімді шығару кәсіпорындарын біріктіретін холдингке айналды.

 

 

Май комбинатының бірегейлігі оның әртүрлі майлы дақылдарды — күнбағыс, рапс, қыша, мақсары, зығыр, арыш тұқымдарын қайта өңдеу мүмкіндігінде жатыр. Зауыт сондай-ақ тазартылған, иіссіздендірілген және тазартылмаған суық сығымдалған өсімдік майын шығарады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі және QazIndustry компаниясының қолдауымен кәсіпорынға тауарларды темір жол көлігімен жеткізу бойынша шығындар өтелді. Осылайша, компания экспорттық бағыттарды кеңейтуге, сондай-ақ өнімді сату құнын төмендетуге қол жеткізді.

Бүгінде май зауыты тәулігіне 150 тоннаға дейін шикізат өңдейді, дайын өнім көлемі жылына 50 мың тоннаға жуық. Кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ал біз QazIndustry кәсіпорындардан еңбек өнімділігі арттыруға және экспортқа шыққандағы жұмсалған шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдауды жалғастырып жатқанын еске саламыз.

 

Барлық мәлімет www.qazindustry.gov.kz сайтында.