Qazindustry-де түрік талшық өндірушісі компаниясымен кездесу өтті

Бүгін «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов BC Group түрік холдингінің негізін қалаушы және бас директоры Бекир Айдыноғлымен кездесу өткізді.

 

Кездесу оптикалық-талшық өнімдерін өндірушісінің инвестициялық мүмкіндіктермен және еліміздегі телекоммуникациялық жабдықтар өндірісін жолға қою жоспарларымен танысу мақсатында Қазақстанға сапары аясында өтті.

 

«Qazindustry» Басқарма Төрағасы Берік Бекенов компанияның өңдеу өнеркәсібін дамытуға жүйелі қолдау шараларын көрсетуге, өңделген тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнеркәсіпке цифрлық технологияларды енгізуді ынталандыруға және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды (АЭА және ИА) үйлестіруге бағытталған қызметтері туралы мағлұмат берді.

 

Елдің экономикалық аймақтарына қатысушылар бірқатар преференциялар алады, бұл КТС төлеуден босату, АЭА аумағында сатылатын тауарларды ҚҚС-тан босату, қатысушылардың орналастыруына немесе пайдалануына арналған тауарларды кедендік баждарды төлеуден босату, жер мен мүлікке салықтардан босату, сондай-ақ жерді пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату.

 

Сондай-ақ, ол АЭА әртүрлі салалық бағытқа ие екенін атап өтті, мәселен «Оңтүстік» АЭА тоқыма саласына, «ИТП» АЭА ақпараттық технологияларға, ал «Павлодар» және «Атырау» АЭА химия мен мұнай химиясына маманданған.

 

? Бекир Айдыноғлының айтуынша, BC Group одан әрі экспорттау мүмкіндігімен Қазақстанда талшықты жинауды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда.

«BC Fibre Group» бүкіл әлем бойынша жұмыс жасайды. Вьетнамда, Қытайда және Түркияда өндірістік қуаты бао, сондай-ақ әртүрлі елдерде сату кеңселері қызмет етуде.

 

Қазақстанға түрік инвесторы ең алдымен ЕАЭО елдерінің нарығына шығу мүмкіндігі және арнайы экономикалық жағдайға байланысты қызығушылық танытып отыр. Компания ынтымақтастық мүмкіндігін талқылау үшін одан әрі Алматыда «ИТП» АЭА мен «Оңтүстік» АЭА-да бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

 

️ Естеріңізге сала кетейік, «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын дамытудың үйлестірушісі болып табылады.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 АЭА құрылып, жұмыс істеуде.

Жұмыс істеп тұрған АЭА-да 285 жоба іске асырылды, оның ішінде 105-і аумақтан тыс маңызы бар жобалар. 24 мың жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түсімдері 184,3 млрд.теңгені құрады. Өнім өндіру көлемі 3 трлн. теңге (2019 жылы өндіріс көлемі – 548,8 млрд.теңге).