«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шарттарымен ақпараттандыру мақсатында Жамбыл облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын барды.
Облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен «ТаразКожОбувь» ЖШС (былғары тауарлары мен былғары аяқ киім өндіруші), «Би Даулет» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп), «ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС (металл құрастырылымдарын дайындаушы), «Бином» ЖШС (құрылыс компаниясы), «Тараз металлургия зауыты» ЖШС (металлургия өнеркәсібі), «Айвенго» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп), «Тараз қант зауыты» ЖШС (қант өндіруші), «Аханов» ЖК (тамақ өнеркәсібі), «Nur-Ai» (жиһаз өндірісі), «SALANGANI» ЖШС (тамақ өнеркәсібі) бірқатар кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында бизнестің тауарларды ішкі нарықта жылжытумен және отандық шикізаттың жетіспеушілігімен байланысты проблемалары, сондай-ақ экспорттық шығындарды өтеу жөніндегі ережелерге толықтырулар мен өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды.
Сапар аясында облыстың кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Zhambyl Invest қызметкерлері үшін «QazIndustry» мемлекеттік қолдау шаралары бойынша арнайы оқыту жүргізілді.
Жалпы 2019-2020 жылдары (2020 жылдың 8 айында) «QazIndustry» Жамбыл облысының 16 кәсіпорнына жалпы сомасы 387,10 теңгеге 45 өтінімнің шығындарын өтеген.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.