ОҚО және Түркістан облысының кәсіпкерлерімен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кездесулер өтті

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары жайлы ақпараттандыру мақсатында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында бірқатар кездесулер өткізді.

 

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен бірлесе отырып қолдауымен Шымкент қаласындағы «Алтын май» корпорациясы» ЖШС (өсімдік майын өндіру), «FREE MARK» ЖШС (макарон өнімдерін өндіру), «Beskuduk TAS» ЖШС (тастар өндіру), «LuxShoes» ЖШС (былғары бұйымдары мен аяқ киім өндіру), «Тұмар-текстиль» ЖШС (киімнен басқа дайын тоқыма бұйымдарын өндіру), «Арай» ЖШС (өсімдік майын өндіру), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (жүн өңдеу), «Nurtau Distribution company» ЖК (былғары бұйымдарын өндіру), «Қазметсервис» ЖШС (қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы), «Шымкент-темір» ЖШС (шойын өндірісі, болат және ферроқорытпа) түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Сондай-ақ, Түркістан облысының Инвестициялар және экспорт басқармасының көмегімен «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (тікелей сығылған жеміс шырынын және пюре өндіру), «Қайып-Ата» ЖШС (етті қайта өңдеу және консервілеу), «САПА-2002» ЖШС (тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру), «ASIADISTILLERY» ЖШС (жүзімнен шарап өндіру), «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» ЖШС (консервілеуден басқа сүтті қайта өңдеу және ірімшік өндіру), «Байтана LTD» ЖШС (өсімдік майын өндіру), «CG Foods Central Asia» ЖШС (тамақ өнеркәсібі), «АБДУКАДЫРОВ Н.» ЖК (ұн өндірісі), «КОМПАНИЯ НАТУР ПРОДУКТ» ЖШС (Тамақ өнімдері), «ECOINVEST S A (ЕКОИНВЕСТ ЭС ЭЙ)» ЖШС (тамақ өнеркәсібі) кездесулер өткізілді.

 

Кездесулер барысында бизнестің тауарларды ішкі нарықта жылжытумен және отандық шикізаттың жетіспеушілігімен байланысты проблемалары, сондай-ақ экспорттық шығындарды өтеу жөніндегі қағидаларға толықтырулар мен өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды.

 

Сонымен қатар, сапар аясында Түркістан облысының кәсіпкерлерін «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдейтін «TURKISTAN INVEST» инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС-мен меморандум жасалды.

 

 «QazIndustry» 2019-2020 жж. (8 ай ішінде) Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың 26 кәсіпорынның жалпы сомасы 857,7 млн.теңгеге экспорттық шығындарын өтеген, Түркістан облысының 17 экспорттаушысына ұқсас кезеңде жалпы сомасы 244 млн. теңгеге шығындар өтеген.

 

Еңбек өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдар аралығында (8 ай ішінде) «QazIndustry» Түркістан облысының кәсіпорнындарына 3,6 млн.теңгеге және Шымкент қаласының 6 кәсіпорнына жалпы сомасы 115,4 млн теңгегенің шығындарын өтеген.

Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ сайттан білуге болады www.qazindustry.gov.kz