QazIndustry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорын «Samhat» аяқ киім фабрикасына қолдау көрсетті

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Ақмола облысындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы «Samhat» аяқ киім фабрикасының шығындарын өтеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша компанияға еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындар өтелді, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің желісі бойынша тауарларды экспортқа жылжыту бойынша шығындар өтелді.

«Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС 2008 жылы құрылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 500 мың жұп былғары аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді. Аяқ киім өндірісінде табиғи былғары, экологиялық таза материалдар мен отандық және импорттық өндірістің құрамдас бөліктері қолданылады.

 

«Samhat» күнделікті ерлер мен әйелдер аяқ киімін әскери-күш құрылымдарына арналған аяқ киім және жұмыс қорғаныш аяқ киімдерін шығарады.

Аяқ киім фабрикасының басшысы Асхат Исабековтың айтуынша, алынған қаражат модельерге арналған бағдарламалық өнімді сатып алуға бағытталды, бұл аяқ киімнің жаңа үлгілерін жасау кезінде еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берген. Ал шетелде жарнама жасап, маркетингке жұмсалған шығындарды өтеу арқылы аяқ киімді сату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 

«Халықаралық аяқ киім көрмелеріне қатысқанымыздың арқасында 2019 жылдан бастап біз өнімді Ресей Федерациясына экспорттаудамыз. 2019-2020 жылдары халықаралық көрмелерге қатысу үшін 2 өтінім бердік. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 6,4 млн теңге болса, соның 2,8 млн теңгесі өтелді. Шетелдік жұмыскерді тарту кезінде 2 өтінім тапсырып, 1,3 млн теңгеге шығындарымыз өтелді. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін мемлекеттік қолдау шарасы, әсіресе барлық өндірушілер экономикалық дағдарысты бастан кешірген қазіргі уақытта, үлкен маңызға ие. Біздің компания «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастырмақ», - деп атап өтті «Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС басшысы Асхат Исабеков.

 «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.