«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері Ақтөбе облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өткізді.
Кәсіпкерлерге кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту үшін мемлекет ұсынатын шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы айтылды.
Облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен QazIndustry өкілдері өңірдің 9 өнеркәсіптік кәсіпорнында – «ТД Фотон» ЖШС (құрылыс материалдары және басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі), «Көктас» АҚ (көп салалы кәсіпорын), «Озик» ЖШС (тігін-үлбір кәсіпорны), «Баумастер интернэшнл» ЖШС (химия өнеркәсібі), «FIBC Kazakhstan» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп), «ELS Eco Led LTD» ЖШС (резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі), «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС (тамақ өнеркәсібі), «MILKER» ЖШС (тамақ өнеркәсібі), «Grant Adal» ЖШС (химия өнеркәсібі) және «Ақтөбе TOPSA Пласт» ЖШС (химия өнеркәсібі) кездесулер өткізді.
Тұтастай алғанда, 2019 - 2020 жылдар кезеңінде (9 ай ішінде) еңбек өнімділігін арттыру бойынша QazIndustry Ақтөбе облысының 1 кәсіпорнына жалпы сомасы 50,6 млн.теңгеге шығындарды өтеген.
2019 жылдың және 2020 жылдың қорытындысы бойынша (9 айдың қорытындысы бойынша) QazIndustry облыстың 8 компаниясына жалпы сомасы 58,8 млн теңге шығын қайтарды. Негізінен шығындарды өтеу өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жеткізумен (экспорт) байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сыртқы нарықтарға отандық өңделген тауарларды жылжыту жөніндегі операторы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі операторы бола отырып, кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Өтінімдер онлайн форматта қабылданады.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.