Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері Батыс Қазақстан облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Sari Suppliers Plus» ЖШС (арнайы киім және маска өндірісі), «Топан» ЖШС (зертханалық жабдықтардың химиялық өнімдерін өндіру), «Квант» ЖШС (жиһаз өндірісі), «West Agro Milk» ЖШС (сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру), «Орал Полимер» ЖШС (полиэтилен құбырларын өндіру), «Орал кабель» ЖШС (басқа электр сымдары мен кабельдерін өндіру), «Гидромаш-Орион» МЖБК» ЖШС (көпір және көпір құбырларын өндіру темір-бетон конструкциялары мен жол, және азаматтық құрылыс), «Нұржанар» АҚ (сыра, ауыз су, квас өндірісі), «Балзия» ЖШС (кондитерлік өнімдер өндірісі) өткізілді.

Кездесулер барысында бизнестің тауарларды ішкі нарықта жылжытумен және отандық шикізаттың жетіспеушілігімен байланысты проблемалары, сондай-ақ экспорттық шығындарды өтеу жөніндегі қағидаларға енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды.

QazIndustry 2019 - 2020 жылдар (8 ай ішінде)  кезеңінде облыстың 12 кәсіпорынынан 40 өтінім бойынша экспорттық шығындарды жалпы сомасы 101,7 млн.теңгеге өтеген. Осы кезеңде еңбек өнімділігін арттыру бойынша 2 кәсіпорыннан жалпы сомасы 11,4 млн.теңгеге 5 өтінім мақұлданған.

Сондай-ақ, QazIndustry жергілікті әкімдіктердің қолдауымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының бизнесімен вебинар-кеңес өткізді. Вебинарларға 40-тан астам адам қатысты.

Вебинарлар барысында QazIndustry кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу шарттары мен механизмін түсіндірді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың маусым және қыркүйек айларында енгізілген еңбек өнімділігін арттыру және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өтеу қағидаларына жаңа өзгерістер таныстырылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.