Екінші онлайн-кездесу 200-ден астам кәсіпорын мен ірі тапсырыс берушілерді бір алаңда біріктірді

Отандық шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау мақсатында онлайн режимде «Сатып алушымен кездесу» іс-шарасы екінші мәрте өткізілді. Бірыңғай алаңда экономиканың үш секторының: мұнай-газ, тау-кен өндіру және металлургия саласынан 120-дан астам компаниясы кездесті. Сатып алушылар қатарында Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO), Теңізшевройл (ТШО), North Caspian Operating Company N. V. (NCOC), Лукойл, KazMinerals, Қазақмыс корпорациясы, RGGold, Казцинк, АрселорМитал Теміртау, KSPSteel, CCEP, Қазгермұнай тәрізді  ірі тапсырыс берушілер мен трансұлттық корпорациялар және ШОБ қкілдері қатысты.

Кездесу Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік жобасы» аясында өтті. Жобаның бір бағыты өнім берушілерді дамыту қызметін құруды, оның құзыреттерін дамытуды және өнім берушілерді дамытудың пилоттық жобаларын іске асыруды көздейді. Аталмыш жобаны Euroconsultants SA (Греция) «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен серіктестікте іске асыруда.

«Сатып алушымен кездесу» – бұл алдын-ала жоспарланған екіжақты кездесулер негізінде әлеуетті сатып алушылар мен жеткізушілерді біріктіретін, компанияларға уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін әлемде кең таралған іс-шара. Covid-19 дағдарысының жалғасуына байланысты әлемдік тарихта алғаш рет сатып алушымен кездесуді ОНЛАЙН режимде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Іс-шара https://sdpkmtb.talkb2b.net тұғырнамасында арнайы құрылған жұмыс кестесі бойынша мақсатты сатып алушылармен екіжақты В2В (бизнес пен бизнес) кездесулер форматында өтті. Кесте компаниялардың өтініштері негізінде құрылды. Сатып алушы өз компаниясының қажеттілігіне байланысты кездесуді қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарды.

Жеткізушілер мен сатып алушыларға компанияның профилін тіркеуге мүмкіндік берілді. Осыдан кейін жеткізушілер қызығушылық танытқан сатып алушыларға кездесулер туралы сұраулар жібере алады. Сатып алушылар, бұл жағдайда трансұлттық корпорациялар компаниялардың профильдері арқылы сұраныстарды қарап, кіммен сұхбат бергісі келетінін таңдады. Қазақстанда жеткізушілерді дамыту жобасының командасы Сатып алушылар мен жеткізушілер арасындағы барлық сұхбаттарды үйлестірді. Тіркеу қорытындысы бойынша әрбір компанияда жеке кездесулер кестесі қалыптастырылып, ол электрондық пошта арқылы жіберілді.

Іс-шараның бұл форматы компанияларға:

* Өз өнімін/ қызметін тексерілген сатып алушылардың мақсатты аудиториясына таныстыруға;

* Пайдалы стратегиялық байланыстар орнату үшін ШОБ өкілдері жетекші трансұлттық корпорациялар мен ірі тапсырыс берушілердің өкілдерімен жеке танысты, бұл олардың кәсіби саладағы танысу желісін кеңейтуге;

* Негізгі қатынастарды құруға және жаңа жеткізілім тізбегін дамытуға мүмкіндік берді.

Құрылған платформа 4 негізгі топтың қатысушыларын қамтыды:

* Сатып алушылар –трансұлттық корпорациялар, ірі тапсырыс берушілер,

* Жеткізушілер-жобаға қатысатын 200 ШОБ,

* Серіктестер Дүниежүзілік банк, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «Атамекен» ҰКП»,

* ҰйымдастырушыларEuroconsultants SA қызметкерлері.

Барлығы 142 қатысушы тіркелді: сатып алушылардың 22 өкілі (Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO), Теңізшевройл (ТШО), North Caspian Operating Company N. V. (NCOC), Лукойл, KazMinerals, Қазақмыс корпорациясы, RG Gold, Казцинк, АрселорМитал Теміртау, KSP Steel, CCEP, Қазгермұнай); ШОБ – тың 127 өкілі-жеткізушілер; сондай-ақ 4 өкіл серіктестер тарапынан қосылды.

Тіркеу кезінде қатысушылармен кездесулер өткізуге барлығы 362 сұраныс жолданды, оның ішінде 100 кездесу ТҰК және ШОБ қабылданды және өткізілді:

Әр профиль / қатысушы үшін қол жетімді кездесулер саны

16

Кездесуге жіберілген сұраулар саны

362

Қабылданған кездесулер саны

100

 

Іс-шараға қатысушылардың пікірлері оң: іс-шараның қорытындысы бойынша 12 сатып алушы мен 33 жеткізуші сұралды.

* Қатысушылардың 63,6% - ы ынтымақтастық үшін әлеуетті серіктестер тапқандарын айтты;

* Қатысушылардың 51,5% кездесу қорытындысы бойынша нақты іскерлік келісімдерге қол жеткізілгенін растады;

* Қатысушылардың 78,8% - ы жоспарланған кездесулерді өткізгендерін айтты.

Бұл нәтижелер қатысушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін және жеткізушілерді келісімшарттарға қол қоюға әкелетін жоғары нарықтық рейтингті растайды.

Бұдан әрі Euroconsultants SA осы іс-шараның әсерін бағалау үшін сауалнамаларды әзірлеп, 1-2 айдан кейін қатысушылардан сапа бойынша сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.