QazIndustry «AstanaCeramic» ЖШС жоғары сапалы кірпіш және ірі форматты керамикалық блоктар шығаратын зауытқа қолдау көрсетті

 

 

«Astana Ceramic» ЖШС кірпіш зауыты 2007 жылы Ақмола облысында орналасқан «Бошан» кірпіш зауытының негізінде құрылған. Өнім өндіру үшін компанияның меншігіндегі зауыт аумағына тікелей жақын орналасқан Үшкөл кен орны карьерінің сазы пайдаланылады.

 

Өнімдер аз қабатты және жоғары қабатты құрылыста қолданылады.

 

Жылдық өндірістік қуаты 30 млн. дана шартты кірпішті құрайды. Өндірісте еуропалық жабдықтар іске қосылған. Өнімдер ГОСТ 530-2012 талаптарына сәйкес келеді, сертификатталған және сәйкестік сертификатына ие. Компанияның өз аккредиттациядан өткен зертханасы бар.

 

Зауыт заманауи автоматтандырылған өндіріс болып табылады. Керамикалық кірпіштің үш түрін қалыптау арқылы шығарады. Олар:

- Керамикалық тас Cerablock-2.1 NF

- Керамикалық тас Cerablock-10,7 NF

- Керамикалық қатардағы қуыс кірпіш 1,4 NF

 

Компания өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын бірнеше рет пайдаланды: 2019 жылы зауыттың технологиялық процестерді жетілдіру – жабдықтарды монтаждау шығындары өтелді, 2020 жылы кәсіпорынның құзыретін арттыру, атап айтқанда шетелдік жұмыскерді тарту шығындары өтелді. Зауытқа сондай-ақ жабдықты іске қосу-жөндеу жұмыстарын жетілдіруге байланысты келтірілген шығындарды өтелді.

 

 

Алынған қаражат өнімділікті, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, жаңа өнім (қаптауыш бұйымдар) шығаруға, өнім ассортиментін кеңейтуге, персоналдың біліктілігін арттыруға (оқыту, тағылымдама) мүмкіндік берді. Кәсіпорын қаржылық орнықтылыққа ие болып, сол арқылы уақтылы әлеуметтік қызметтер есебінен жергілікті өңірдің экономикасы жақсартуға өз үлесін қосуда.