QazIndustry «Рахат» АҚ еншілес кәсіпорны «Рахат – Шымкент» ЖШС кондитерлік фабрикасына қолдау көрсетті

Компания өнімнің алғашқы партиясын 2001 жылдың шілдесінде шығарды. Фабрика кондитерлік өнімдер өндірісін кеңейту бойынша көптеген жобалар іске асырды. Бүгінде кәсіпорында екі өндірістік алаң және вафли, вафли түтіктері, қант печеньесі, карамель, зефир және мармелад өндірісі жолға қойылған.

2020 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп компанияның технологиялық процестерді жетілдіруге, атап айтқанда мармелад өндіру желісін іске қосуға бағытталған шығындарын өтеді.

Сондай-ақ, кәсіпорын 2020 жылдың соңына дейін қантты печенье өндіру желісін іске қосуды жоспарлап отыр. Негізгі акционердің жоспарында әлемдік стандарттарға жауап беретін технологиялық заманауи желілерді ұлғайта отырып, «Рахат-Шымкент» ЖШС-де өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту, бұл өз кезегінде қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемі 2001 жылы 340 тоннадан 2019 жылы 20 706 тоннаға дейін өсті. Желінің өндірістік қуаты сағатына 1000 кг құрайды. Фабрикада 900-ден астам адам еңбек етеді.